{metadescription}
Ақтөбеде жағажай басшысы сотталды
Ақтөбеде жағажай басшысы сотталды

Ақтөбеде жағажай басшысы сотталды

Ақтөбеде жардан топырақ құлап, 6 адамды басып қалған жағажайдың басшысына қатысты үкім шықты. Енді 35 жастағы Арман Қазыбаев демалуға келгендердің қауіпсіздігіне бей-жай қарағаны үшін екі жыл өмірін қоныс колониясында өткізеді. 

Осыдан төрт ай бұрын бір отбасы дәл осы өзен жағасындағы «Інжу» демалыс орнына келеді. Өздеріне жайлы сәкіні жалдап, балаларымен сонда отырады. Бір кезде іргедегі тік жар опырылып түсіп, 4 келіншек пен екі сәби топырақ астында қалған. Үйінді астынан ересектері өздері шықса, қос бүлдіршінді қазып алуға тура келді. Абырой болғанда екі бала аман. Тек сүйегі сынып, өкпесі мен бауыры қысылған он айлық сәби әлі дәрігерлердің қарауында. Енді осы үшін жағажай директоры жаза арқалап қана қоймай, сәбиі мертіккен отбасына бір жарым миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Оған мәдени-денсаулық саласында қызмет атқару құқығынан үш жылға айыра отырып, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде