{metadescription}
Атырауда енді бекіре қырыла бастады
Атырауда енді бекіре қырыла бастады

Атырауда енді бекіре қырыла бастады

Бұл жағдай Луговой жылқы зауытының бағалы балықтарды өсіріп, көбейтумен және қара уылдырық шығарумен айналысатын бөлімшесінде және «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытында болған. Қос кәсіпорында 100-ден астам бекіре өліп, 2000-ға жуығы шалажансар күйде жатыр екен. Осылайша, тиісті орындар Жайық суы қауіпсіз деген ақпарат таратқанымен, балықтың өлуі әлі толастар емес.

Мына кадрлар болмағанда бұл жайттың жабулы күйінде қала беруі де мүмкін еді. «Жайық-Атырау» зауытында бекірелердің өліп жатқаны бір апта бұрын байқалыпты. Мұндағы мамандардың айтуынша, қысқы тоғанда 200-ге жуық үлкенді-кішілі бағалы балықтар болған.

Болат Мұхаджиев, «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытының бас инженері:

-Желтоқсанның 6-нан бастап балықтардың әлсіз екенін байқадық. Алды өле бастады. Оның ішінде қорытпа мен шоқыр, бекіре балықтары болды. Келесі жылы көктемде олардан шабақ алу үшін бұлар осы қысқы тоғанда өмір сүреді. Қазір тағы да әлсіз, ауырған балықтардың бар-жоғын анықтау мақсатында күнде ау салып, тексеріп жатырмыз.

Жергілікті әкімдік таратқан ақпаратқа сенсек, бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен тікелей байланысты. Өйткені зауыттар шаруашылыққа өзен суын пайдаланған.

-«Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытының мына тоғанында 30-ға жуық құнды балық өлген. Өзгелері шалажансар күйде. Қазір мұндағы мамандар өзеннен тоғанға су жіберуді тоқтатқан. Ал қызметкерлер қалған балық қырылып қалмас үшін мұзды ойып, ауа жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы ақпарат бойынша, өлі күйінде жинап алынған бағалы және қара балықтардың жалпы салмағы тоннадан асқан. Бірақ бұл көрсеткіш Атырау тұрғындары болмаса, құзырлы орындарды таң қалдырмайтын болса керек. Табиғатты қорғауға тиіс орындардың көпшілігі әзірге үнсіз отыр. Ал кейбірінің жаңылтпаш секілді мәліметін өздерінен басқа ешкім де түсінбейтін сияқты.

Арман Молдашев, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

-Жайық бойында жаппай балықтардың қырылуы кезіндегі болған оқиға. Бұл бойынша қазіргі уақытта балықтардың өлуі тіркеліп жатқан жоқ. Яғни қазіргі уақытта бірқалыпты. Жағдай қалпы дұрысталды. Қазіргі уақытта балықтардың ешқандай қауіп жоқ екендігін айтқым келеді.

Бірақ басшы бұлай дегенімен, оның қарамағындағы қызметкерлер  өзен мұзын ойып, өлген балықтарды әлі жинап жүр.Жалпы, балықтардың жаппай қырылу дерегі қала сыртындағы өзектерде алғаш рет желтоқсанның басында байқалды. Ресми орындар әуелгіде өзен суының құрамында қауіпті ештеңе жоқ екенін айтқан болатын. Бірақ бейресми ақпарат бойынша, Жайыққа қаладағы кәсіпорындардың бірінің құрамында аммиак бар суды төккені айтылады. Дегенмен, мұны ешкім растамай, не жоққа да шығармай отыр. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.