{metadescription}
Ақтөбеде араққа тойып алған жігіт дүкеннің тас-талқанын шығарды
Ақтөбеде араққа тойып алған жігіт дүкеннің тас-талқанын шығарды

Ақтөбеде араққа тойып алған жігіт дүкеннің тас-талқанын шығарды

Ақтөбеде араққа сылқия тойып алған тұрғын қаланың қақ ортасындағы тұрмыстық техника сататын дүкеннің түгін қалдырмады. Ол түн жарымында әйнек есікті сындырып, қолына түскен затты қиратқан.

Бұл таспаны сол маңда жүрген куәгерлердің бірі түсіріп алыпты. Дүкен ішінде қымбат ұялы телефондардан бастап, неше түрлі техниканың тас-талқаны шығып жатыр. Әлеуметтік желіде алғашқыда жұрт бұл роликті дүкен иелерінің жарнама жасаған сиқы болар деп күдіктенген еді. Сөйтсе, мас тұрғынның әрекеті болып шықты. Тауарларды оңды-солды лақтырып, қиратып жүрген жерінен оны ұйқысынан оянып кеткен күзетші ұстап алған. Тәлтіректеп тұрған күдікті оған қарсылық та көрсетпепті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде