{metadescription}
Өзін-өзі тонамақ болғандардың өтірігі әшкереленді 
Өзін-өзі тонамақ болғандардың өтірігі әшкереленді 

Өзін-өзі тонамақ болғандардың өтірігі әшкереленді 

«Павлодар-Астана» бағытында келе жатып, жол үстінде қарулы қарақшыларға тап болдық деген көкшетаулық сауда экспедиторының өтірігі әшкере болды.

Жеке компанияда жұмыс істейтін 38 жастағы жүргізуші-экспедитор оңай олжаға кенелмек болып  алдын ала жоспар құрыпты. Екі танысымен бірге шұжық пен ірімшік саудасынан түскен 5 миллион теңгені қалтаға баспақ болады. Осы мақсатта «қарулы қарақшылар жолда тап берді» деп полицияға қоңырау шалған. Жағдайды жан-жақты тексерген жедел іздестіру тобы экспедитордың өз жауабынан өзі шатасып тұрғанын байқап қалыпты. Осылайша әшкере болған үшеудің үстінен іс қозғалып, сот шешімімен үй қамаққа алынды.

Күдікті:

-Танысымның ұсынысы ұнап кетті. 5 миллионды тең бөліп алмақшы болдық. Үшеуміз бірнеше рет кездесіп ақылдастық. Павлодарға апарған тауардың ақшасын алып келуге шыққанымды айтып, Астанада кездестік. Қазір осы ісіме өкініп отырмын.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.