{metadescription}
«Шошқа етін қосады»: Астанада оқушылардың ас мәзірін енді ата-аналар тексере алады
«Шошқа етін қосады»: Астанада оқушылардың ас мәзірін енді ата-аналар тексере алады

«Шошқа етін қосады»: Астанада оқушылардың ас мәзірін енді ата-аналар тексере алады

Мектептердегі асханада тұтынуға тыйым салынған азық-түлік! Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың ас мәзіріне мүлдем қосуға болмайтын тағамдардың тізімін жариялады. Соңғы кезде балалардың тамақтануы төңірегінде дау көбейген соң шенеуніктер, тіпті, ата-аналарға  асхананы тексеруге де рұқсат беріп отыр. 

Бұған дейін балаларға беруге болмайтын азық-түлік тізімін асхана иесінен басқа ешкім білмеген. Осыны тиімді пайдаланған  кәсіпкерлер  тыйым салынған тағамдарды емін-еркін  сатып келіпті. Тек соңғы кезде ата-аналар білім ошақтарындағы ас мәзіріне зер салып,  өз беттерінше зерттеуге кіріскенде  біраз былықтың беті ашылыпты.

Гүлбану Абенова, оқушының анасы:

-Ата-аналар мониторинг жасаған балаларға шұжық беретінін байқадық. Тіпті оны нанға қосып береді. Әрине, оны бәрі сатып алады. Құрамын қарасақ, шошқаның еті  емес, терісі де қосылған. Басқа ішінде не бар екенін бір құдай біледі.

Негізі, ресми бекітілген балалар ас мәзірінде шұжық мүлдем жоқ. Оны оқушыға беруге болмайды деп жазылған. Ал бұған жауапты Денсаулық сақтау минситрлігінің мектептердегі асханаға күнде баруға қақы жоқ. Шенеуніктер жарты жылда бір рет, оның өзінде де кәсіпкерге бір ай бұрын ескертіп тексере алады. 

Марал Рахымжанова, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басқарма басшысы:

-Жарты жылда бір рет тексеруді үкімет қойған талап. Қарап отырсақ, аздау болады. Бұрын мектептер мен ата-аналар тексеріске қатыспайтын. Нормативті түрде тексеру болады деп заңдастарылған соң, жариялап отырмыз.

Яғни, министрлік амалсыз ата-аналардың көмегіне жүгініп отыр. Өйткені, Астана  мектептеріндегі  асханаға қатысты талай рет шу шыққан. Оқу орнында астан уланып, ауруханаға түскендер де бар. Енді үлкендер мектепке кез-келген уақытта барып, асхананы аралап, балалардың жеп жүрген тамағын тексеріп, фото, видеоға түсіре алады. Егер майонез қосылған құрамы күрделі салаттар, шұжық, тартылған ет қосылған құймақ, чипс, кептірілген нан, шоколад, айран, морс пен құрамында консервант, дәмдеуіш бар тамақ көрсе, арыздана алады.

- Ата-аналардың қолындағы видео, фото дәлелдерге сүйеніп кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту жасалады. Егер асхана қожайыны оған құлақ аспаса, іске прокурорлар мен сэс қызметкерлері кіріседі. Ал Астана әкімдігі жыл сайын балалардың тамағына деп 5 миллиард теңге бөледі екен. Оқушылар сонда да  тойып тамақ  жемейді дейді ата-аналар.    

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде