{metadescription}
Аймақтарда жұрт «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер таппай жүр
Аймақтарда жұрт «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер таппай жүр

Аймақтарда жұрт «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер таппай жүр

Несие болғанымен, сатып алатын үй жоқ. Аймақтарда  жұрт «7-20-25» бойынша ипотекаға пәтер таппай жүр. Яғни мемлекеттік тұрғынүй бағдарламасы өңірлерде тұралап тұр деуге болады.

Әсіресе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында баспана тапшы екен. Бұл аймақтарда жаңа баспана жоқ. Ипотекалық компанияның мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасына  Астана, Алматы қалалары мен облысының және Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ғана белсенді қатысуда. Яғни несиеге баспана алғандардың көбі осы өңірлерде тұрады. Ал өзге аймақтарда адамдар пәтер таппай отыр. Сондықтан ипотекалық компания жергілікті әкімдіктерге  150 миллиард теңге бөлмек. Бұл қаржыға өңірлерде жаңа үй салынады. Құрылыс бірінші кезекте Шымкент қаласында басталмақ. 

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша 70 миллиардтан астам, 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Соның ішіндегі 3700 таяу 45 миллиард сомаға ипотекалық несие мақұлданды. Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасына қатысқан банктердің саны 8-ге  жетті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде