{metadescription}
Мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған полицейге қатысты тексеріс басталды
Мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған полицейге қатысты тексеріс басталды

Мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған полицейге қатысты тексеріс басталды

Жамбылда мас күйінде көлік басқарып, жол апатына себепші болған полицей уақытша қызметінен шеттетіліп, оған қатысты тексеріс жүріп жатыр. Ішімдікке сылқия тойған тәртіп сақшысы жеке машинасымен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Аудиді» соққан.

-Қара ана жаққа ей, адам өлсе не боласың? Ей демеш маған, вообще  н..х. Тойып алған ғой мынау.

Тәртіп сақшысы аяғына әзер тұрғанымен есін еміс-еміс білетін тәрізді. Өйткені жабыла ұялы телефонға түсіргендерден бет-жүзін жасырып әлек. Ақыры бұл көріністер әлеуметік желіге тарап, дау туғызды. Ал құдай сақтап оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Бірақ тәртіп сақшысы апат болған жерден қашып кетуге әрекет қылыпты. Алайда, оның сытылуына куәгерлер жол бермеген. 30 жастағы мас қызметкер Шу аудандық полиция бөлімі учаскелік инспектордың көмекшісі болып шықты. Қазір ол қызметінен уақытша босады. Бірақ бұл оқиғадан кейін оның қайта жұмысқа келуі екіталай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.