{metadescription}
Сахнадан таршылық көрген «Сезам»-ның актерлері мұңын шақты
Сахнадан таршылық көрген «Сезам»-ның актерлері мұңын шақты

Сахнадан таршылық көрген «Сезам»-ның актерлері мұңын шақты

Сахнасы жоқ, күйі жоқ «Сезам» қайтып күн көрер! Жаңа жыл қарсаңында кішкентай балақайларды ертегілерімен қуантатын қуыршақ театрының басшылығы базынасын айтты. 20 жылдан астам Әуезов театрында өнер көрсеткен ұжымға қазіргі сауда кешеніндегі сахна таршылық етеді екен. «Сезамның» директоры Қайрат Баянов  жемқорлықпен күресем деп басым бәлелеге қалды дейді. Ал академиялық театрдағылар бұл жағдайдың белгілі актер Ерлан Біләлдің сотына еш қатысы жоқ екенін айтады. 

Сахна сыртындағы жағдай көрерменнің көңіліне еш әсер етпеуі керек деген «сезамдықтар» кезекті қойылымына дайындық үстінде. Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірін жалға алған ұжымның киінетін, боянатын тіпті ас ішетін жері де осы. Кішкентай көрермендердің көңілінен шығу үшін актерлер неге болса да төзуге дайын. 

Жангелді Молдахметов, актер:

- Міне киімдерімізді ауыстырамыз. Киінеміз, міне грим жасаймыз. Қуыршақтарымыз міне жатыр. Терлейміз оны мына жерге ілеміз. Қайта шығамыз көрерменнің алдына. Міне осы ашық алаң.

Ал сахнаның сиқы мынау. Орындықтар да ағаштан. Өзгермеген тек қойылымның сапасы мен «жақсылық түбі зұлымдықты жеңеді» деген оның мазмұны ғана. Бұл жағдайға Әуезов театрының сахнасынан айырылғанымыз себеп дейді Баянов.

Қайрат Баянов, Сезам театрының директоры:

-Кезінде театр басшысы Маемировтың атына хат жазғанмын. Тұщымды жауап болған жоқ. Президент әкімшілігі мен министрлікке де өтініш білдірдім. Бірақ біз бұған араласпаймыз деді. Мені олар Әуезов театрының бұрынғы басшысы Ерлан Біләл істі болғаннан кейін жолатпай отыр.

Естеріңізге сала кетейік белгілі актер Ерлан Біләл Әуезов театрын басқарып тұрған кезде «Сезамның» басшысынан пара талап етіп 900 мың теңгені алып жатқан жерінен ұсталған еді. Ол кінәлі деп танылып, сотталғанымен, мемлекеттік марапаттары өзінде қалды және әлі күнге дейін осы қара шаңырақта қызмет етеді. Дегенмен қазіргі басшылығы бұл оқиғаның «Сезамның» әкем театр сахнасына шыға алмауына еш қатысы жоқ,-дейді.

Алмас Шоман, М.Әуезов Атындағы Қазақ драма театры директорының міндетін атқарушы

- Осы жылдың наурыз айында «Сезам» театрының директоры Баяновтан бізге хат келді. Ол бізден өзінің декорацияларын сақтау үшін бөлме сұрады. Бізде бөлме бос болмағандықтан біз оған ешқандай бөлме бере алмадық.

Әкем театр басшысының жауабы осылайша нық. Сондықтан «Сезамға» ол жерден енді орын мүлдем болмайтын сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде