{metadescription}
Ақтөбелік шенеуніктер ұрланған темір-терсекті іздеуге шықты  
Ақтөбелік шенеуніктер ұрланған темір-терсекті іздеуге шықты  

Ақтөбелік шенеуніктер ұрланған темір-терсекті іздеуге шықты  

Ақтөбеде темір-терсек қабылдайтын орындарды тексеруге шыққан шенеуніктер ол жерден тапқан дүниелеріне таң қалды. Тұрғындардың онда тапсырмайтыны заты жоқ. Оның өзін ұрлап әкеледі екен. Жыл бойына жалпы құны 13 миллионға жететін қаладағы құдық қақпақтарын да темір терсекке өткізген.   

Тексеруге келгендердің таңданғаннан ауыздары ашылып қалған. Трансформатордан бастап, электр сымдары, тіпті аулада тұратын қоқыс контейнерлері де қаптап жатыр. Ақтөбенің орталық даңғылынан ұрланған темір қошаулар да темір-терсек қабылдайтын орыннан табылды. 18 миллион тұратын қоршауларды қаланың қақ ортасынан ұрылардың қалай кесіп алғанын ешкім білмейді. Енді тек соны қабылдап алған кәсіпкер ғана жазаланады. Оған қомақты айыппұл салынбақшы. Одан бөлек құдық қақпағын өткізгендер мен пайда үшін қабылдаған орындарды шенеуніктер аңдып отыратын болады. Тұрғындар болса құдықтарды ашылмайтындай қылып, дәнекерлеуден басқа амал жоқтығын айтады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде