Ақтөбеде 52 өзбекстандық өртеніп кеткен автобустың иесі ұсталды
Ақтөбеде 52 өзбекстандық өртеніп кеткен автобустың иесі Шымкенттегі тергеу абақтысына қамалды. Өзбекстанда бой тасалап жүрген Ордухан Мехдиев бүгін экстрадицаяланып отыр.
Автор: Бек Әбиев
26.12.2018
Оған техникалық ақауы бар автобусты жолға шығарған деген айып тағылды. Нақ сол жолаушылар тасымалдаушы көліктің ішінде Қазан қаласына нәпақа табу үшін бара жатқан 52 Өзбекстан азаматы тірідей жанып кеткен болатын. Ақтөбе облысындағы қайғылы жағдайдан соң Ордухан Мехдиев ізін суытқан. Өзіне тиесілі үш автобустың да тіркелген жері жалған болып шыққан соң, тергеу органдары оған халықаралық іздеу салған. Бұған дейін осы іс бойынша өртенген автобустың 3 жүргізушісіне 5 жыл жаза кесілсе, тасымалдаушы компанияның құрылтайшысы мен механигі 3 жарым жылдан арқалағанын болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!