{metadescription}
Еліміздегі ең қымбат шыршаның құны белгілі болды
Еліміздегі ең қымбат шыршаның құны белгілі болды

Еліміздегі ең қымбат шыршаның құны белгілі болды

Ең қымбат шыршаның құны 6 миллион теңге! Алматылық кәсіпкерлер Жаңа жылдың басты символы үшін бір жақсы көліктің құнын сұрап отыр. Қала тұрғындары да мерекеге бола шығындалуға кет әрі емес сияқты.  

Ең қымбат шырша 6 миллион теңге тұрған. Ал биіктігі - 6 метр болған. Қаланың қақ ортасындағы сауда үйлерінің бірінде саудаланған Жаңа жыл символы сөреде ұзақ тұрмапты. Қалталы тұрғындардың бірі ә дегеннен сатып алған. Десе де, басқалары көңілін түсірмесе болады. Өйткені сатылымда әлі 4 миллион теңгенің шыршалары бар. Ал ең арзаны - 5 мың теңгеден басталады. Тіпті тегіндері де бар. Оларды сатушылар жетім балалар мен жағдайы төмен балалы отбасыларға ғана сыйға тартамыз дейді.

Расул Құрманғалиев, кәсіпкер:

-Көп балалы жағдайы төмен отбасылар мен интернаттағы бүлдіршіндерге шыршаларды тегін береміз. Жаңа Жылды олар да терезесі тең болып қарсы алса екен дейміз. Бүгінгі күннің өзінде 100-ден аса шырша тараттық. Әлі де 500 шыршамыз бар беретін.

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.