{metadescription}
Араны ашылған әкімдерге қымбат көлік сатып алуға тыйым салынбақ
Араны ашылған әкімдерге қымбат көлік сатып алуға тыйым салынбақ

Араны ашылған әкімдерге қымбат көлік сатып алуға тыйым салынбақ

Яғни,  әкімдерге  мемлекеттің ақшасына қымбат джип мініп жүре алмайды. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың жаңа тәртібін жасап, әкімдіктердің тендерлерін бақылауға алып жатыр.

Сәбит Ахметов, ҚР Қаржы министрлігі депатаментінің директоры:

-Ауыл әкімдеріне  ары кетсе «Нива» берілуі мүмкін. Аудан, облыс әкімдеріне одан сәл жоғарылау санаттағы көліктер сатып алуға рұқсат етіледі. Бірақ, қыруар ақшаға қалаған көлігін мініп жүре алмайды. Заңда бұрын мұндай норма  болмаған. Соны енді енгізіп жатырмыз.  

Заң бірінші қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа заң мемлекеттік сатып алу тәртібіне тағы бірқатар өзгерістер енгізіп отыр. Мәселен, қаржысы жетіспейтін, өтініш беру үшін ақы төлемеген және өтінішін дұрыс толтырмаған компаниялар тендерге қатыстырылмайды. Сонымен бірге, тендерден ұтылып қалып, шағымды бұрқыратып жазатын компаниялардың арыздарын қарамайды. Өйткені, не құжаты, не қаржылық қоры дұрыс емес тұрақсыз компаниялар өзгелерге мүмкіндік бермес үшін әдейі арызданады екен. Шын мәнінде олардың жартысынан көбі негізсіз болып шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.