{metadescription}
Дипломаттар Тайландқа демалуға кеткен отандастарымызға ескерту жасады
Дипломаттар Тайландқа демалуға кеткен отандастарымызға ескерту жасады

Дипломаттар Тайландқа демалуға кеткен отандастарымызға ескерту жасады

Жарты ғасырда болмаған жойқын дауыл. Таиландтың оңтүстігін ертең соңғы 50 жылдан бері ел көрмеген сұрапыл дауыл шарпып өтеді. Жергілікті метео қызмет осындай ескерту хабарын таратқан соң жергілікті тұрғындар мен туристер қауіпсіз аймақтарға жаппай көшіп жатыр.

Синоптиктер Пабук деп атаған тропикалық апат Таиландтың Самуи, Пхукет, Краби секілді белгілі демалыс аралдарын жайпап өтеді деген болжам бар. Қазірдің өзінде Чумпхон аумағындағы желдің жылдамдығы сағатына 65 шақырымға жеткен. Ол жақтағы отандастарымыздың айтуынша, үлгергендер үйлеріне ұшып кетті. Қалғандарының аралдың қауіпсіз жерін паналағаннан басқа амалы жоқ. Таиландтың Паттая аралында демалып жатқан Альбина Асхатова есімді отандасымызбен байланысқа шықтық. Ол көпшілікте үрейдің басым екенін растады.

Альбина Асхатова:

-Пхукет бізден алыс болғанымен, бірақ соңғы ақпараттарды естіп үрейленіп отырмыз. Құдай оның бетін ары қылсын және бізге келмесе екен деген ойдамыз. Елге аман есен оралғымыз келеді. Қорқыныш бар халықтың арасында да. Жағажайда шомылуға болмайды. Тыйым салынған және де қайықтардың барлығын алып тастады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде