{metadescription}
Кореяға кіре алмаған семейлік студенттердің мәселесі шешілді
Кореяға кіре алмаған семейлік студенттердің мәселесі шешілді

Кореяға кіре алмаған семейлік студенттердің мәселесі шешілді

Семейлік студенттер Оңтүстік Кореяға оқуға жете алмады. Айтуларынша, олар Алматы әуежайынан Сокчоға аттануы тиіс оларды ұшаққа жолатпаған.

Радмир Байканов, студент:

-Алматы әуежайына бардық. Бірден құжаттарға қатысты қиындықтар туындады. Кореяға ұша алмадық. Сондықтан Семейге қайттық.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттінен Оңтүстік Кореяға 23 студент кетпек болған. Тіпті оның  үшеуі сол елге жетіп үлгерген екен. Ал, қалғаны Алматыдан кері қайтарылып отыр. Себебі, тіл үйрену курсына бара жатқандардың қолында шақырту қағазы болғанымен, арнайы визалары жоқ. Енді, оқу орнының басшылығы бұл қателік Кьюнгдонг университеті тарапынан жіберілгенін айтып ақталуда. Олардың мәлімдеуінше, екі оқу орнының арасындағы келісім шартқа сәйкес, жіберілетін студенттердің құжатын солар әзірлеу керек болған. Бүгінде бұл қателіктерін өздері де мойындап кешірім сұрапты.

Марат Әбдікәрімов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректор кеңсесінің басшысы:

-Оңтүстік Корея университетінің басшылығы шыққан қаржыны толық қайтаруға кепілдік беріп отыр. Бұл бірінші. Екінші, осы топтың балаларымен жұмыс жүргізіп, визалары дайын болғанда қайта шақыртуға әзір.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.