{metadescription}
Атырауда сәбилері шетінеп кеткен әйелдер бұған дәрігерлерді кінәлады
Атырауда сәбилері шетінеп кеткен әйелдер бұған дәрігерлерді кінәлады

Атырауда сәбилері шетінеп кеткен әйелдер бұған дәрігерлерді кінәлады

Атырауда құрсақтарын жарып шыққан құлыншақтарынан айрылған аналар шағымын жеткізді. Бірі айы-күні жетіп, енді бірі мерзімінен бұрын облыстық перзентханада босанған олардың сәбилері дүниеге келгеннен кейін он күнге де жетпей шетінеп кеткен. Аналардың айтқанына сенсек, барлығы да қан құйылғаннан кейін күрт нашарлап, өліп кететін көрінеді.

Бұлар өткен жылдың соңында Атырау облыстық перзентханасында босанып, артынша-ақ  баласынан айырылған көп ананың бір бөлігі ғана. Бірі көптен күткен тұңғышынан, енді бірі егізінен айырылыпты. Олардың айтуынша, шақалақтары дүниеге шыр етіп, аман келгенімен, көп ұзамай шетінеп кеткен. 

Альбина Ермекова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Өзім босандым, екі егізімді. Босанған соң дереу  реанимацияға алып кетті, екеуін де, 8-ші күні балаға қан құямыз деді. Қан құйғаннан кейін  дәреті жүрмей қалды, ер баламда бірінші, содан кейін денесі ісе бастады. Аузынан қан құсты, қыз тірі қалады деп айтты, қыз да дәл солай, ер балам сияқты кетті артынан.

Ең сорақысы сол, жағымсыз жайттың бәрі медициналық мекеме ішінде, дәрігерлердің көз алдында болған. Қан немесе плазма құйылғаннан кейін дәл осындай белгілермен көз жұмған нәрестелер біреу-екеу ғана емес, - дейді  келіншектер.

Гүлайна Серікбаева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бәріне әйелдерге айтатыны бір диагноз – инфекция дейді. Бәрінде ондай болуы мүмкін емес қой.

Осылай дүдәмал күйде жүрген аналар сәбилерін жер қойнына беріп, ес жиып, өз-өздеріне келген соң жағдайды түсіндіріп беруді талап етіп, перзентхана басшылығына кірген. Бірақ бас дәрігер, ештеңе айтпастан, бұларды қуып шықты. Бірақ айтқанындарынан қайтпасқа бекінген ашулы аналардан құтылмасын сезді ме, араға он шақты күн салып, арызданушылардың өкпесіне құлақ түрді. Онда да әңгіме жұмыс кабинетінде емес, есік алдында өрбіді. Оған қарағанда, аналар арызданбас үшін әуелі бас дәрігермен ақылдасу керек екен.

Қуаныш Нысанбаев, Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері:

-Сіз қолыңызда ешқандай дәлеліңіз жоқ, ешқандай шағым түсірмедіңіздер. Халық арасында шындап келгенде дүрбелең тудырып отырсыздар. Денсаулықтау басқармасына, Ішкі істер басқармасына облздравқа жаздыңыздар ма?  Сіздің қолыңызға  дәрігерлері кінәлі деген анықтама берді ме?  Сіздер шағым түсіру үшін ойлану керексіз ғой.

Осынау сөздерден кейін аналар құқық қорғау орындары мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің жергілікті департаментіне арыз түсірді. Бірақ перзентханадағы нақты бала өлімі дерегі туралы ақпарат әзірге белгісіз. Бұл мәліметті облыстық денсаулық сақтау департаменті ресми түрде сәл кейін беруге уәде етті. Ал қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық xал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, өткен жылы Атырауда түрлі жағдайда 1 жасқа дейінгі 1865 бала шетінеп кеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.