{metadescription}
Қостанай облысында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды
Қостанай облысында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды

Қостанай облысында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды

Қостанай облысында жол апатынан зардап шеккен екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олардың біреуіне шұғыл ота жасалып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Игорь Белобрижицкий, Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Он жастағы бір баланың жағы сынып, басы жарақаттанған. Ол травмотология бөлімінде жатыр. Ал омыртқасынан жарақат алған екінші балаға ота жасалды. Ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр. Бірақ есін жинады.

Бұл балалар әкелерімен балық аулауға, Денисовка ауданына қарай шыққан. Жолай жүк көлігі олар мінген Хондаға соғады. Жүргізуші мен алдыңғы орындағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің қатты жолыдамдықпен келгені сондай, жеңіл машинаны жапырып өткен. Жарақат алған екі баланың әкесі дос болған екен. Марқұмдарды кеше жер қойнына тапсырды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.