{metadescription}
Алматылық жүргізушілер өздеріне тиесілі көліктерін қайтара алмай жүр
Алматылық жүргізушілер өздеріне тиесілі көліктерін қайтара алмай жүр

Алматылық жүргізушілер өздеріне тиесілі көліктерін қайтара алмай жүр

Халықаралық бағытпен жүк тасымалдайтын жүргізушілер көлігін даулап жүр. Үш жыл бұрын көлігі қамауға алынған алынған 38 жүк көлігі сот шешімімен жақын арада мемлекет пайдасына тәркілененетін көрінеді. Жүк тасымалдаушылардың айтуынша, олар 2015 жылы келісім бойынша Қытайдан Қырғызстанға тауар алып өтпек болған. Қарасу бекетіне жеткенде кеденшілер олар тиеген тауардың контрабандалық жолмен өткенін анықтайды. Бірақ жүргізушілер көліктегі тауарға өздерінің қатысы жоқ екенін алға тартады. 

Қытайдан жүк тасимын деп шырғалаңға ұрынған 38 көлік иесінің бірі  Христофор Косов. Көлікті анасының үйін сатып алғанын айтқан ол 2015 жылдың маусымында алғаш рет жолға шығыпты. Сол кезде барлығы артылған жүкті Қазақстан арқылы Қырғызстанға жеткізуі тиіс болған.

Хрситофор Косов, көлік жүргізушісі:

-Кеденге келгенімізде Қытай жағынан, Қорғас бекетінде де кедергі болған жоқ. Құжаттың бәрі дұрыс. Тіпті, көлігімізді рентгеннен өткіздік. Қазақстаннан Қырғызтанға өтетін Қарасу бекетінде де бәрі жақсы болған. Тек жүргелі тұрғанымызда кеденшілер тағы келіп, бізде контрабандалық тауар бар екенін айтты.

Содан сергелдеңге ұшырап, көліктерімізді қамауға алды деген жүргізушілер, қазір шаруасының шатқаяқтап кеткенін айтады. 

Тәңірберген Қожағелдиев, көлік жүргізушісі:

-Бұл машинаның арқасында мен отбасымды бағып отырмын. Қазір не жұмыс жоқ. Не машинаны сата алмаймыз, не машинамен жұмыс істей алмаймыз. Бұл әрең дегенде қолымыз жеткен машина болатын.

Дегенмен, құзырлы орган өкілдері контрабандалық тауар тасымалы бойынша 1 адамның сотталғанын айтады. Ал, жүк көліктері қылмыстық істе айғақ зат есебінде тіркелген.   

Динара Қыдыралиева, Жамбыл облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

-Фураларға қатысты айғақ зат ретінде үкімде көрсетілген. Үкім бойынша мемлекеттің пайдасына тәркіленді. Соттың үкімін басқа орган орындайды. Ол Жамбыл облысы бойынша әділет департаменті.

Ал, көлік иелерінің адвокатына салсақ, жүргізушілер тек тауарды аман-есен жеткізуге ғана жауапты. Ол жүк тасымалдаушылардың көлігінен айырылып қана қоймай, қара тізімге де енгізілгенін айтады.

Елжас Молдақашев, адвокат:

-Шағым айтып бармаған жеріміз жоқ. Апелляциялық сот, Жоғарғы сот және Бас прокуратураға дейін бардық. Еш өзгеріс жоқ. Куәгерлердің көлігін қалай қылмысқа қатысы бар деп айта аламыз

Жүк тасымалдаушылардың айтуынша, қылмыс құралы ретінде танылған көліктер кез келген уақытта тәркіленіп, мемлекет кірісіне берілуі мүмкін.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.