{metadescription}
Денис Тен мен ұрылар арасындағы төбелесті көрген полицей сотта жауап берді
Денис Тен мен ұрылар арасындағы төбелесті көрген полицей сотта жауап берді

Денис Тен мен ұрылар арасындағы төбелесті көрген полицей сотта жауап берді

Денис Тен мен ұрылар арасындағы төбелесті көрген! Алматыда әйгілі мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты өткен кезекті сот отырысына ювеналдық полиция инспекторлары басты куәгер ретінде шақырылды. Тәртіп сақшылары жігіттердің жаға жыртысып жатқанын көрсе де неліктен араша түсуге асықпағанын түсіндірді.

- Жастар болған соң ойнап жүрген шығар деп ойладық. Байсейітов көшесіне жеткенде мен олардың алысып кеткенін көріп, әріптесіме көлікті тоқтатуын сұрадым. Мен жүгіріп барған кезде ақ футболка киген жігіт сүйеніп тұрды. Сосын тізерлеп, етпетімен құлады. Оң аяғынан қан шығып тұрғанын көрдім.

Судьяға мән-жайды баяндаған инспектор Азамат Нұрпейісов іле-шала қаша жөнелген қарақшылардың артынан қуғанын айтады. Алайда, ұрылардың қай көшеге бұрылғанын аңғармай, олардан көз жазып қалдым дейді ол. Ал Нұрпейісовтің әріптесі қаскөйлерді көлігімен іздеуге кіріскен. 19 шілде күні қос тәртіп сақшысы тамақтану үшін сол маңдағы дәмханаға бет алған екен. Түстен кейін футбол ойыны өтетін орталық стадионда сапта тұруы керек болған. Еске салсақ, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді ажал құштырды деген күдікке ілінген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов «адам өлтіру» және «қарақшылық» бабымен айыпталса, Жанар Толыбаева қылмысты біле тұра тиісті органдарға хабарламағаны үшін жауапқа тартылуда. Осыған дейін үш сотталушы да адам өліміне ешқандай қатысымыз жоқ деп ақталған еді. Құдайбергенов тек айнаны ғана ұрладым деп жауап берген.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.