{metadescription}
Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік бір-бірімен соқтығысты
Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік бір-бірімен соқтығысты

Алматы-Қапшағай тас жолында 31 көлік бір-бірімен соқтығысты

Жол апатының салдарынан екі бағытта да қозғалыс қиындап, жұрт бірнеше сағат кептелісте тұрған.

Көк мұз бен қалың тұманнан рөлге ие бола алмай қалғандар бірінің артына бірі кеп соғыпты. Апатқа ұшырағандар арасында камаз да, джип та жеңіл көлік те бар. Жүргізушілер бәрі жолдың уақытылы тазаланып, құм мен тұздың себілмеуінен болды деп отыр. Оқыс оқиғадан 15 адам жарақаттанған. Олар жедел жәрдеммен Іле аудандық ауруханасына жеткізілді.

Айдар Сұлтанғазиев, Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Жол көлік апатынан 15 адам бізге түсті. Оның ішінде үш науқасты біздің емханаға жатқыздық. Екеуін травмотология бөліміне, біреуін реанимация бөліміне жатқыздық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде