{metadescription}
Атырау облысында малшылар наразылық білдірді
Атырау облысында малшылар наразылық білдірді

Атырау облысында малшылар наразылық білдірді

Атырау облысында ірі қарасын әккі ұрыларға алдырудан әбден шаршаған малшылар наразылық білдірді. Исатай, Махамбет, Мақат аудандарынан жиналған жеке шаруа қожалықтарының иелеріне сенсек, ұры алыста емес. Кім екендігі де белгілі. Шаруалардың айтуынша, жергілікті құқық қорғау органдарында оған қарсы тұрар қауқар жоқ екен.

Жылқышылар қазір жайылымдағы үйір-үйір жылқысын емес, оның өлімтігін іздейтіндей жағдайға жеткен. Тіпті оны да таба алмайтын көрінеді. Жоғалған жүздеген бас жылқының бір дерегін ала алмай отырған олар малды бала-шағаның қамы үшін емес, ұры-қарының қалтасы мен қарнын толтыру үшін бағып отырмыз дейді.

Қайырлы Шайхимов, шаруа қожалығының басшысы:

- Соңғы кездері уағын қасқыр жей ме, адам жей ме, білмеймін, жылқының ішіндегі ірісі, үйірдің айғыры, ту бие із-түзсіз жоғалады. Соңғы кезде малды кім үшін бағып жүргенімізді өзіміз түсінбей қалдық.

Есесіне, жылқышылар бір нәрсені – ұрының кім екендігін жақсы біледі. Тіпті, қылмысының үстінен түсіп, талай рет тәртіп сақшыларына жетелеп әкеп те беріпті. Бірақ, неге екені белгісіз, олар күдіктіні көп ұстамай, жібере салады екен.

Рахим Таяпов, шаруа қожалығының жетекшісі:

2006 жылы  тап осындай оқиғамен мен де ұстадым. Айғырымды атып, өзі мойындап, сонымен Махамбеттегі  полцияға барғаннан кейін бұл кісі құтылып кетті. Содан іс қозғалған жоқ, ешқандай құқық қорғау органдары артынан жүрген, солай қалды.

Ал полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұрын да істі болып, сотталған азаматқа қатысты ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Атырау облысы Исатай ауданында желтоқсан айында орын алған мал ұрлығына байланысты күдікті ұсталып, қазіргі таңда ҚР қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, бұл жерде жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығынды толық өтеген күдіктіге кешірім беруі себепті, қылмыстық іс жиі қысқартылатын көрінеді. Сондықтан жылқышылар биліктегілерге заңның осындай осал тұстарына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолдауды қарастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде