{metadescription}
Астанада су спортына қатысатын болашақ олимпиадашылар бассейнсіз қалды
Астанада су спортына қатысатын болашақ олимпиадашылар бассейнсіз қалды

Астанада су спортына қатысатын болашақ олимпиадашылар бассейнсіз қалды

Өйткені, спорт кешені аяқасты жабылып, енді жүздеген ұл-қыз қайда жаттығарын білмей отыр. Ұл-қыздарының болашағына алаңдаған ата-аналар жұмысын тоқтатқан орталықтың әлдекімге сатылып кеткен болуы мүмкін дейді.

Ұл-қыздарды су спорты түрлерінен олимпиадаға дайындайтын мектеп бұл. Азияның қола жүлдегері Әділбек Мусин, Риода сенсациялық жеңіске жеткен Дмитрий Баландин секілді мықтылар осыннан шыққан. Енді олардың ізін қуған балалар қиын жағдайға қалып отыр.

Минаш Омаров, Астана қаласының тұрғыны:

- Су спортының мектебі дейміз бірақ бассеині жоқ. Бұл қалай? Мұғалімдерінің қолынан дым келмейді. Директордың қолынан дым келмейді. Тек қана әкімдік  шешеді.

Дауға қалған жүзу мектебінде 500-ге жуық жасөсіпірім бар. Өздерінің хауыздары болмаған соң, 17 жылдан бері мына «Қазақстан» кешенінде жаттығып келген еді. Енді спорт нысаны жарты жылдан бері жабық. Тіпті, оны әлдебір дөкей сатып алып, сауда орталығын салмақшы дейді ата-аналар. Ал жауаптылардың сөзінше, спорт кешені жай ғана жөндеуге жабылған екен.

Берік Мәржікбаев, Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы бастығының орынбасары:

- 2001 жылдан бері «Қазақстан» кешенінде жөндеу жұмыстары жүрмеген. Бассейні тозды. Сондықтан оны жабуға тура келді. Спорт нысаны өте қолайлы жерде орналасқанын және оған балалардың барып үйреніп қалғанын білемін. Дегенмен, сәл шыдаңыздар.

Бірақ жасөспірімдерге ұзақ шыдауға тура келетін сияқты. Өйткені, хауызды жөндеу 7 айдан кейін, яғни тамызда басталмақ. Оған дейін оқушыларды бассейнсіз қалдырмаймыз деп сендіріп отыр. Олар әзірге «Барыс аренада» жаттықпақ. Бірақ, ондағы баға екі есе қымбат. Бассейннің 5 жолағын жалдау үшін сағаты 125 мың теңге төлеу қажет. Ал айына 36 миллион теңге кетеді. 

Мақсат Қадырбаев, Олимпиадалық резерв мектебінің су спорт түрінен жетекшісі:

-Біз қазір «Барыс» аренаның басшыларымен келісім-шартқа тұрып, бізге бассеинді төмен бағамен беру үшін ортақ келісімге келуге.

-Сөйлесіп жатырмын.

-Әрі «Барыс» аренаның бассейніне қажетті қаржыны  төлеу үшін спорт мектебі әкімдіктен де ақша сұрап отыр. Бірақ, олардан  әзірге жауап жоқ. Дегенмен, шенеуніктер қалай болғанда да ұл-қыздар алдағы аптадан бастап хауызда жаттығуды бастайды дейді. Бірақ, бұған ата-аналардың сенімінен гөрі күдігі басым.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.