{metadescription}
Биылдан бастап бүкіл дәрілердің шекті бағасы бекітілетін болады
Биылдан бастап бүкіл дәрілердің шекті бағасы бекітілетін болады

Биылдан бастап бүкіл дәрілердің шекті бағасы бекітілетін болады

Ол үшін Германияның тәжірибесі үлгі ретінде алынған. Шекті баға өндірушілерге, көтерме сауда мен бөлшек саудаға және тегін медициналық көмек тізіміне кіретін дәрілерге де қойылады.

Елімізде тіркеуден өткен 8 мыңнан астам дәрілік препарат болса, соның тек 2300-інің ғана бағасы бекітілген. Қалғанын нарық өзі қойып отыр. Енді Денсаулық сақтау министрлігі нарықтағы өзгерістерді ескере отырып, бағаны жарты жыл сайын бекітіп отырмақ. Яғни, дәрінің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын, оның үстеме бағасы да өсе түседі. Мысалы, бастапқы құны 350 теңгеге дейінгі дәрілерге 68 пайызға дейін өсіруге рұқсат. Бұл арзан дәрілердің нарықтан жойылып кетпеуі үшін керек дейді комитет өкілдері. Ал әуелгі құны 200 мың теңге және одан жоғары препараттарға құнын 3 пайызға ғана өсіруге болады. Бүгінде дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы мобильді қосымша жасап шығарған. Қазір сынақтан өтіп жатыр. Соның көмегімен жұрт сатып алған дәрісінің бағасын және басқа да мәліметтерін тексере алады.

Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ Фармация комитетінің төрайымы:  

- Қандай да бір қателік немесе бағаның негізсіз өскенін байқаған жағдайда сол мобильді қосымша арқылы бізге шағым жасауына болады. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Лицензиясын қайтарып алуымыз да мүмкін.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.