{metadescription}
Жамбылда қант қызылшасы далада рәсуә болып жатыр
Жамбылда қант қызылшасы далада рәсуә болып жатыр

Жамбылда қант қызылшасы далада рәсуә болып жатыр

Еліміздің кей өңірінде шекер қымбаттаса, Жамбылда қант қызылшасы далада рәсуә болып жатыр. Жергілікті шаруалар биылғы еккен өнімін не жинай, не өткізе алмай зар илеп жүр. Ал қыстың қара суығына ұрынған тәтті түбірдің басым бөлігі үсіп кетті. Диқандар қанша шығынға батты және оның тығырыққа тірелуіне не себеп болғанын Руслан Әбдіхалық айтып берсін. 

- Есіл еңбек еш кеткелі тұр. Кәсіпкер жалпы аумағы 20 гектарға қант қызылшасын еккен. Шамасы келгенше оның тең жарымын қазып үлгерген. Қазір мына алқапта 80 тоннға жуық тәтті түбір әр жерде төбе-төбе болып үйіліп жатыр.

Бұл Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы көрініс. Диқан Болат Испанқұлов еккен өнімін игере алмай жыларман. Сөзіне сенсек, биылғы олжаның басым бөлігі аяздан үсіп кеткен. Қыруар шығынға баттым деген шаруа енді не істерін білмей дал.

- Жартылай үсіп, бәрі былжырап жарамай жатыр. Мұны қайда апарамын. Не шыққан шығынымды өтей алмай, не техника жоқ, аудан әкімшілігіне айтсам түк те көмек жоқ.

Диқан бар кінәні аудандық әкімдікке артып отыр. Оның айтуынша, осы кәсіппен айналысуына солар үгіттеген. Тұқым себу, техникамен қамтамасыз ету, жиын-терімге көмекті өзіміз береміз деп уәдені үйіп-төккен көрінеді. Бірақ, жеме-жемге келгенде олар сөзінде тұрмады дейді. 

Болат Испанқұлов, кәсіпкер:

- Әкімдікке айтсам, техника өзің тауып ал дейді. Мен оны қайдан табамын? Мен көмек береміз дегесін ектім, алдым. Енді қыстың көзі қырауда, қаңтар болды. Қант зауыты біз тоқтадық дейді. Кімге өткіземін, бәленбай ақшаны қайдан тауып беремін. 

Диқанның тығырыққа тірелуінің негізгі себебі, қант зауыты 5 қаңтарда жұмысын тоқтатқан. Сондықтан тәтті түбірді өткізе алмай қиналуда. Ал жергілікті билік өкілдері өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды. Айтуларынша, кәсіпкерге барлық көмек көрсетілген. Бірақ техникамен қамтамасыз ету жайы айтылған жоқ дейді. Атқамінерлер Болат Испанқұловтың қиын жағдайға тап болуына өзі кінәлі екенін айтты. Себебі ол науқаннан кешігіп, уақыт өткізіп алыпты.    

Ерғазы Еспенов, Т. Рысқұлов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы:

- Ендігі жағдай оның тәтті түбірлерін мал бордақылау алаңдарына сатуды ұйымдастырамыз. Басқа мал бордақылайтын шаруалар бар ғой солармен келісім-шарт жасатып, өзара келісілген бағамен сатады. Ұйымдастырып береміз оны.

Диқан Меркі қант зауыты басшысын сотқа беремін деп білек сыбанып отыр. Өйткені содан алған тұқымы сирек шығып, өнім өте аз беріпті. Шығынға ұшырауымың бір себебі осы деген Болат Испанқұлов енді жерге сіңген қаржысын осылай өндіруге талпынып көрмек.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.