{metadescription}
Маңғыстау облысында емші 85 жастағы зейнеткерді ауруханадан бір-ақ шығарды
Маңғыстау облысында емші 85 жастағы зейнеткерді ауруханадан бір-ақ шығарды

Маңғыстау облысында емші 85 жастағы зейнеткерді ауруханадан бір-ақ шығарды

Емдеймін деп хәл үстінде қалдырды. Маңғыстау облысында емші 85 жастағы зейнеткердің сынған сүйегін дұрыс салмай, қарт ананың ашық жарадан қаны бұзылып ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер Зүбайда Дүйсекешованы дер уақытында әкелмей, кеселдің ушыққанын айтады.

Ақшымырау ауылында 40 жыл мұғалім болған Зүбайда Дүйсекешованы төсекке танған да бұрынғы өз оқушысы болып шықты. Емші артық қыламын деп ақыры тыртық қылған. Жамбас сүйегін танған сынықшының емінен ауруы екі еселенген.

Зүбайда Дүйсекешова:

- Бір рет танып берді. Танғасын бұрынғыдан жаман болды. Астына үстіне төрт жағынан тақтай салып, байлады ғой.

Зейнеткер сүрінгеннен жамбас сүйегін сындырған. Ауруханаға дене қызуы қатты көтеріліп түскен. Сынықшы тақтаймен байлағаннан сүйегі қысылған. Сепсис болған кейуананың оңалып кетуіне ұзақ уақыт керек дейді дәрігерлер.

Есет Шахатбаев, Маңғыстау облыстық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

Медициналық көмекке о баста өздері жүгінбеген. Сынықшыға барғаннан ауруды асқындырып алған. Дер кезінде келгенде емдеу де жеңілірек болар еді. Сол себепті қазір операция жасау қиынға түсейін деп тұр.

Денсаулығы жақсарғанда сүйегін бекіту үшін операция жасалады. Бірақ, құлан таза айығарына ақ халаттылар кепілдік бермейді. Ал, Зүбайда әжейдің сынықшымен соттасуға құлқы жоқ. Дәрігерлер халық емінің құрбандары бірден келмегеннен өз бастарына өздері сақина тілеп алатындарын айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.