{metadescription}
Ақтөбелік адвокат қазақ тілі үшін өз әріптестерін сотқа берді
Ақтөбелік адвокат қазақ тілі үшін өз әріптестерін сотқа берді

Ақтөбелік адвокат қазақ тілі үшін өз әріптестерін сотқа берді

Нұрбибі Есмағанбетова тек орыс тілінде жазылған адвокаттар алқасының жаңа жарғысын талқылау жиынында ана тілінде пікірін білдіре алмаған. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасын сұрағанына ешкім пысқырып қарамапты. Ал жарғының тек ресми тілде әзірленгенін президиум төрайымы да растап отыр.

Нұрбибі Есмағанбетова адвокаттық істерінің барлығын дерлік қазақша жүргізеді. Ана тілінде клиенттерін қорғау оған қолайлы. Өзгенің құқығын қорғап жүрген жан қазір өз құқығының тапталғанына күйінеді. Енді басқа емес, өз әріптестерінің үстінен сотқа арыздануға мәжбүр. Өйткені облыстық адвокаттар алқасы жаңа жарғыны тек ресми тілде әзірлеп, жиын кезінде оны қазақша талқылауға қарсы болған.

Нұрбибі Есмағанбетова, адвокат:

- Тіл туралы заң бойынша алдымен, әуелі қазақ тілінде, яғни мемлекеттік тілде жарғы дайындалу керек. Содан кейін барып ол өзге тілдерге аударылуы керек. Заңдылықтар бұзылғаннан кейін осындай әрекетке баруға мәжбүр болып отырмын.           

Адвокаттар алқасындағылар жарғыны заң бойынша мемлекеттік тілде әзірлеу міндетті емес деп отыр. Егер алдын ала өтініш білдірсе ғана қазақшаға аударып берер едік деп ақталады.

Раиса Якубенко, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы:

- Иә, мемлекеттік тілде жарғы болған жоқ. Біз бұлай біреуді кемсітуді көздемедік. Егер Нұрбибі Абдуллақызы ертерек өтініш білдіргенде аударып берер ме едік?

Нұрбибі Есмағанбетова мемлекеттік тілде жазылмаған жарғыны да, құжатты талқылаған жиынды да заңсыз деп тануды соттан сұрап отыр. Ол процестің қашан басталары әзірге белгісіз. Ал адвокаттар алқасындағылар жарғыны әділет департаментіне тіркету үшін ақыры қазақшаға аудартыпты. Бірақ мемлекеттік тілдегі нұсқамен алқа мүшелері танысып үлгермеген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде