{metadescription}
Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары жеген 43 миллиард бюджетке қайтарылған
Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары жеген 43 миллиард бюджетке қайтарылған

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары жеген 43 миллиард бюджетке қайтарылған

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарының іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген шығынның көп бөлігі, яғни, 43 миллиард теңгесі қайтарылған. Бұл туралы экс-әкімнің қылмыстық ісіне қатысты өткен бүгінгі сот процесінде белгілі болды. Бір қызығы, бұл туралы айыпталушы тараптың адвокаттары мүлде білмейтін болып шықты.

- Сырттай сотталып жатқан 8 адамды 4 адвокат қорғауда. Оның ішінде экс-әкім Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқали және олардың күйеу балалары Ерболат Ізбасаров пен Рүстем Әлбақасов, Артем Даневич бір адвокаттың көмегіне жүгініпті.

Ол ә дегеннен-ақ, істі жүргізуші судья Тыныштық Нұрымоваға сенімсіздік білдіріп, наразылық танытты. Саян Жүнісбаевтің сөзіне сенсек, сот бұл жерде іспен толық танысуға мүмкіндік бермей, жанама немесе тікелей түрде айыптау үкімін шығаруға мүдделі. Мұндай пікірге келуінің де себебі бар көрінеді.

Саян Жүнісбаев, адвокат:

- 754 томнан тұратын қылмыстық істің құжаттарымен танысу жөнінде тергеушіге өтініш жариялаған болатынбыз. Ол бас тартты. Уақыт бермеді.  Содан кейін мен қадағалаушы прокурорға жүгіндім. Қадағалаушы прокурор менің арызымды мәні-мағынасы бойынша қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне қайтарып жіберді. Сол бойынша тергеу сотына шағым жаздым. Олар да қараудан  бас тартты.

Адвокат бұлай деп шыр-пыр болғанымен, оның өтініші сол күйі қанағаттандырылмады. Сондай-ақ, адвокаттар 100-ден астам жылжымалы және жылжымайтын мүліктің заңсыз бұғатталғандығын айтып, оларды босатуды сұрады. Өйткені, айыпталушылардың қылмыстық іске қатысы жоқ ағайын-туыстарына тиесілі мүліктерді 2012-ші жылдан бері пайдалана алмай келе жатыр екен. Ал, сот өткен жылы мемлекеттік айыпталушыларға осы мүліктердің қылмыстық жолмен табылған немесе табылмағандығын анықтауды тапсырыпты. Бірақ, содан кейін үш айға жуық уақыт өтсе де, бұған қатысты еш дәлел табылмаған.

Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сырттай сот процесі өткен жылдың қазан айында басталған еді. Рысқалиевтер Ұлыбританияда бой тасалап жүрген көрінеді. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын ұрлады, заңсыз ақшаны заңдастырды деген секілді барлығы 8 бап бойынша айып тағылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.