{metadescription}
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайындағы үйлер жаппай сүрілгелі жатыр
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайындағы үйлер жаппай сүрілгелі жатыр

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайындағы үйлер жаппай сүрілгелі жатыр

Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан жұрт енді мүлдем далада қалатын болдық деп шағымданды. Тұрғындар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңайындағы жерлерге туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдік нарықтан әлдеқайда төмен баға беруде дейді. Ал 167 үй бір жарым айда босатылуы тиіс екенін айтқан әкімдіктегілер баға мәселесін сот арқылы шешуге болатынын алға тартты.

Киелі шаһардың ең мықты жерінде тұратын 170-ке тарта шаңыраққа жергілікті билік «жер учаскелері мемлекетке қажет» деген хабарлама жіберген. Ал олардың баспаналарын бағалауға жекеменшік компания нарықтан бірнеше есе төмен баға ұсыныпты.    

Роза Ақбердиева, Түркістан қаласының тұрғыны:

-Адамдары келіп бағалап кетті. Маған 20 млн деді. Менің үйімдей үйлерді 60-50 млн деп тұр. Ал, мен барып сабанханаға отырмаймын ғой. Қазір мен зейнетттемін. 63-темін. Ал енді менің қанша өмірім қалды. Өмір бойы салған тамымды бұлай бере алмаймын.

Бағамен келіспейтіндер өз ұстанымдарын әкімдікке жеткізген.  Олардың айтуынша, жергілікті шенеуніктер түсіндіру жұмыстарының өзгеше «әдісіне» көшкен көрінеді.

Алмагүл Тұрсыманова, Түркістан қаласының тұрғыны:

-Екі балаңыз қызыңыз жұмыс  істейді. Үйіңізді бермеген жағдайда балдарыңыз жұмыстан шығарамыз деп отыр.  Бәрі жұмыс істейді ғой.

Гүлзия Ахметова, Түркістан қаласының тұрғыны:

-17-ші қаңтарға дейін осы жер бұзылады, бұзбасаңдар арнайы жасақпен келіп келеміз деді. Үйді де ала-алмайсыңдар, жер де жоқ, ақша да жоқ дейді. Неге ондай? Әкімшіліктің адамдары айтты бұны.  

Наразы жұрттың алдына қала әкімінің орынбасары шықты. Бұл тұрғыда түсіндіру жұмысын күнде жүргізіп жатырмыз деген Тәжібек Мұсаев елге қысым көрсеткен жоқпыз деп отыр. Әкімнің қаулысын орындау үшін, бұзылатын үйлердің тұрғындары бір жарым ай ішінде баспанасын босатуы керек. Баға ұнамаса, жұрт өзіне бағалаушыны тауып алуға болады.

Тәжібек Мұсаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

-Бағалау құнын өздері жасату керек.. Бір жағына шығуымыз керек. Басқа жекеменшік лицензиясы бар жеке кәсіпкер бола ма бағалаушы бола ма соған жасату керек. Соны біз сотқа ұсынамыз. Сосын сот бір жағына шығарады ғой.

Бағалаушы компанияның бағасын теріске шығару үшін жұрт енді өздері басқа компанияға жүгінуі керек. Сөйтіп, бірігіп заңгер де жалдауы тиіс.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.