{metadescription}
Ақмола облысында фабрика директорының қарамағында істеген келіншектің өліміне қатысы болуы мүмкін
Ақмола облысында фабрика директорының қарамағында істеген келіншектің өліміне қатысы болуы мүмкін

Ақмола облысында фабрика директорының қарамағында істеген келіншектің өліміне қатысы болуы мүмкін

Ақмола облысында Бестөбе кен байыту фабрикасының директоры қамауға алынды. Ол 37 жастағы кәсіпорын лаборанты Динара Ақанбаеваның өліміне қатысты күдікке ілініп отыр. Лаборант келіншек 5 күн комада жатып Степногор ауруханасында көз жұмған еді. Куәгердің айтуынша, оны басшысы көлігімен ауыр халде алып келген. Динараның  артында 12 жасар қызы қалды.

-Оқиға міне, кеніш орнынан 1 шақырым жерде болған. Жұмыстан шыққан лаборант келіншекті басшысы қалашықтағы жатақханасына жеткізіп салам деп көлігіне отырғызған. Бірақ еркінен тыс басқа жаққа алып кетіпті. Марқұмның туыстарының айтуынша, 1 сағаттан кейін ес-түзсіз күйде танысының үйіне әкеліп тастаған.

Бестөбе кентінде тұратын Алтын Мұхамеджарова да алтын өндіретін осы фабрикада инженер болып жұмыс істейді. Сол күні директоры кешкі 10-дар шамасында  телефон шалып, сыртқа шығуын талап етіпті. Бірақ дәл осындай жағдайды күтпесе керек. Оның көлігінде лаборант келіншек ес түзсіз жатыр екен.

Алтын Мұхамеджарова, Бестөбе кен байыту фабрикасының инженері:

-Бет аузы қан жоса. Шошып кеттім. Мүлдем есін білмейді. Директорым маған «Динара көліктен өзі секіріп кетті. Мәселені шешу керек. Сен саған қонаққа келе жатып, құлап қалды деп айтасың» деп әй-шәйға қарамай көтеріп кіргізді де кетіп қалды. Мен жедел жәрдем шақырттым.

Динара сол күйі ес жимаған. Жарақаты ауыр болыпты. Оның оң жақ бет сүйегі сынып, басы жарылған. 5 күннен соң Қарағанды облысында тұратын туысқандарына қаралы хабар жеткен. Марқұмды Жаңаарқа жеріне жерлеген бауырлары әділдік іздеп Степногор қаласында жүр. Кінәлі адам жазадан құтылып кете ме деп қорқады олар. Қазірдің өзінде фабрикада директордың қандай тамаша адам екенін растайтын қол жиналып жатыр деп естідік,-дейді Динараның бауырлары.

Ерлан Доскенов, марқұмның інісі:

-Бір фабриканың директоры болғасын  құтылып кете ме деп қорқып отырмыз. Артынан кішкентай қызы қалып отыр. Біз бұны жәй қалдырмаймыз. Бәрі жерге барамыз. 

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы:

-Әйелдің өліміне қатысты Қылмыстық Кодекстің 106 шы бабы 3-ші тармағына сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр. Степногор қалалық сотының санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Сот медициналық сараптама тағайындалды. 

33 жастағы фабриканың директоры бұған дейін де қыз-келіншектерге қырғидай тиген көрінеді. Оны қызметкерлер өз аузымен айтып берді. Ал қамауға алынған күдікті әзірге, кінәсін мойындамапты. Оның айтуынша, Динара көліктен өзі секірген. Енді істің ақ-қарасы тергеу барысында анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.