{metadescription}
«Қалған күдіктілер қайда?»: Марқұм инспектордың жолдастары тергеудегі әділетсіздік жайлы айтты
«Қалған күдіктілер қайда?»: Марқұм инспектордың жолдастары тергеудегі әділетсіздік жайлы айтты

«Қалған күдіктілер қайда?»: Марқұм инспектордың жолдастары тергеудегі әділетсіздік жайлы айтты

Қарағанды облысында «Охотзоопром» инспекторының өліміне қатысты күдіктілер қолға түсті. Бұған дейін мемлекетаралық іздеу жарияланған 3 браконьер шекара аспапты.

Олар туған жері Қызылорда қаласынан табылып, қолдарына кісен салынды. Ал бүгін марқұм Ерлан Нұрғалиевтің достары Астанада жиналып тергеуге қатысты бірқатар мәліметтерді жариялады. Олардың айтуынша, екінші джипта болған басқа 4 браконьер істе күдікті емес, куәгер ретінде тартылыпты. Сондықтан достары қылмысқа қатысы барлардың тегіс жауапқа тартылуын талап етті.

Бүкіл халықты дүрліктіріп, артынан мемлекетаралық іздеу жарияланғандар ешқайда қашпаған да екен. Мылтықтың дүмімен адамды жайратып салғандар Қызылордадағы жеке үйлердің бірінде жайбарақат тығылып жатқан.

Алмас Сәдубаев, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта айғақтарды жинақтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Үш күдікті де уақытша оқшаулау орнына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Берік Ахметов, Нұрлан Шүкілдіков, Қайрат Ақшановтан бөлек тағы 4 күдікті болуы тиіс деп есептейді марқұм қорықшының жолдастары. Бүгін Астанада жиналған  олар екінші джипте болғандар елеусіз қалып отырғанын айтады. Тіпті 4 браконьер куәгер ретінде ғана тартылып жатқан көрінеді. 

Абзал Масабаев:

-Мүйіз сатып алып, сатып жүретін. Солардың аты-жөнін неге айтпайды? Біз бәрін біліп отырмыз. Бұл төртеуді куәгер деп шығарып жібере салмақшы. Яғни ұсталғандар ұрып өлтірді, біз кетіп қалдық демекші ғой. Оларды неге босатып жіберген?

Болат Хамитов:

-Ол төрт  күдікті  күдікі емес тқылмыскерлер.  Ішінде бірге болған. Ол төртеуі  неге қарап тұрды?  Неге арашаламады? Кісі өледі екен, ол төртеуі жай куәміз дейді.

Жиналғандардың айтуынша, ұсталған күдікті үшеу де, куәгер ретінде тартылған төртеу де – Қызылорда облысындағы бір ауылдың жігіттері. Бұрыннан браконьерлікпен табыс тауып жүргендер екен. Ерлан Нұрғалиев тірі кезінде іздеріне талай мәрте түсіп, ұстай алмай жүріпті. Тіпті марқұм қорықшыға дер кезінде санавиация жіберілмегенін айтады.

Болат Хамитов:

-Ішкі Істер министрі Қасымов тікүшақты бізге ұшырмады дейді. Бұл  кісі сондай қызметте отырып  неге өтірік сөйлейді? Ол күні ешқандайда да ауа райының қолайсыздығы болған жоқ! Туыстары бәрі іздеп, Ерланның артынан жүгіргенде күн ап-ашық болған. Ешқандай да боран болған жоқ!

Жолдастарының келтірген жаңа мәліметтеріне қатысты Ішкі істер министрлігі тергеу құпиялығын сылтауратып тіс жармай отыр. Ал қорықшыны өлтірді деп күдікке ілінген үшеу бірер күнде Қарағандыға жеткізіледі. Мәліметтерге қарағанда, қорықшыны қара құсынан ұрып өлтірді делінген Қайрат Ақшановтың үстінен былтыр ғана қылмыстық іс қозғалған екен. Алайда Ақтөбеде киік атып ұсталған аңшы жазадан сытылып кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.