{metadescription}
Алматы облысында 19 баланы бағып-қағып отырған отбасы мұңын айтты
Алматы облысында 19 баланы бағып-қағып отырған отбасы мұңын айтты

Алматы облысында 19 баланы бағып-қағып отырған отбасы мұңын айтты

19 баланы бағып-қаққан отбасы. Алматы облысының Қарасай ауданында өз кіндігінен тараған 5 баласынан өзге 14 баланы асырап алған отбасы өмір сүреді. Шырын Османов пен Зарина Шумаева барлығын заңды түрде қамқорлығына алған. Алайда, ерлі-зайыптылар 120 шаршы метр баспанада 25 адам тұрып жатқанын айтады. Сондай-ақ, көпбалалы отбасы кейінгі уақытта тұрмыстарының тұралай бастағанын айтады. Себебі, балаларға алаңдаған олар тұрақты жұмыс істей алмайды екен....

b>

Абай ауылының тұрғындары Шырын Османов пен Зарина Шумаева асыр салған балалар өміріміздің мәні дейді. 19 баланы бағып отырған отбасы 5-і ғана кіндіктерінен тарағанын айтады. Қалғанын заңды түрде қамқорлығына алған ерлі-зайыптылар, осынша баланы қанатының астына аламыз деп ойламаған. 

Зарина Шумаева, Алматы облысының тұрғыны:

-Алғашында Кристина, Сергей және Димаға көмектескім келген. Ағайындарды ажыратқанды қаламадым. Кейін қиын тағдырға тап болған өзге балаларды көргенде шыдап тұра алмадық

Қайырымды жандардың қамқорлығындағы кішкентайлардың тағдыры әр қилы. Бірінің ата-анасы қайтыс болса, кейбірінің әке-шешесі саналы түрде баласынан бас тартыпты. Ал, 19 баланың басын қосып, тату-тәтті ғұмыр кешкен үй иелері, басындағы баспана таршылық ететінін айтады.

Зарина Шумаева, Алматы облысының тұрғыны:

-Отбасымызбен жөні түзу баспанаға зәруміз. 120 шаршы метрде ұзын-саны 25 адам өмір сүреміз. Қабырғаның бәрі сыз тартқан. Қайырымды жандардан ең болмағанда жөндеу жүргізуге көмек сұраймыз.

Ерлі-зайыптылар балаларға мемлекеттен жалпы көлемі 235 мың теңге берілетінін айтады. Алайда, қымбатшылық қысқан сайын бұл қаржы шайлығына жетпейді екен. Себебі, үйдегі балаларға алаңдаған олар тұрақты жұмыс істей алмаймыз дейді.

Шырын Османов, Алматы облысының тұрғыны:

-Үйде үнемі жұмыс күтіп тұрады. Тұрақты жұмыс істейін десек, қолымыз байланып қалады. Ал, бізге күнделікті балалардың шаруасымен әрі-бері жүгіруіміз қажет.

Айтпақшы, көпбалалы отбасы елге сауын айтып жатқанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы 16 мың теңгеге өскенін жеткізіп, тіпті оны көпсінгені әлі елдің есінде. Бірақ, бүгін министр бұл сөзінің тігісін жатқызуға тырысты.

Мадина Әбілқасымова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Ең біріншіден толық ақпарат берілмеген. Осы ақпарат тек бір төлем бойынша берілді. Бірақ та менің айтатыным, біздің елімізде ана мен баланы қолдау үшін көмек жүйелі түрде іске асырылып отыр.

Әрине, бірнеше баланы бауырына басқан ерлі-зайыптылар тұрмыс тауқыметін тартсақ та отбасылық құндылықты басты орынға қоямыз дейді. Алайда, бір шаңырақ астында бір атаның баласындай күн кешкен өрендердің ендігі үміті қалталы азаматтарда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.