{metadescription}
Алматыда алапат өрттің кесірінен далада қалған ондаған отбасы көмекке зәру
Алматыда алапат өрттің кесірінен далада қалған ондаған отбасы көмекке зәру

Алматыда алапат өрттің кесірінен далада қалған ондаған отбасы көмекке зәру

Бірінші темір жол вокзалы маңындағы барак үлгісіндегі үй түнде өртенген еді. Тіпті, түн ортасында шыр-пыр болған жұрт құжаттарын да алып үлгермеген. Ал әкімдік далада қалған тұрғындарға әзірге көмек болмайтынын ашық айтып отыр.

Өртенген үйіне қарап, күйініп тұрған тұрғындар күні кеше ғана алаңсыз жүрген еді. Енді қыс ортасында далада қалды. Олардың айтуынша, қызыл жалын түнде қалың үйқыда жатқанда шыққан.

Гүлжанат Шотбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Атып далаға шықтым. Дүние мүліктің бәрі жанып кетті. Осы үстімдегі киіммен тұрмын міне. Басқа киімім жоқ.

-Болжам бойынша өрт мына үйшіктен шыққан болуы мүмкін. Өйткені жаңа туған күшіктер тоңып қалмасын деп, үй иесі электр пешін қойған екен. Сөйтіп, от тұтанып, жоғарыға лап қойған. Шатырды шарпыған қызыл жалын кейін күш алып, жапсарлас орналасқан мына 14 пәтерге бірақ жайылған.

Осы үйдегі 5 пәтер толығымен өртенген. Жиһаз, киім-кешекті қойып, адамдар құжаттарын да алып үлгермепті. Ал отқа оранған баспаналардың төбесі опырылып, қабырғасы құлағалы тұр. Негізі мұнда отызға жуық адам тұрған. Көбі зейнеткерлер мен кішкентай ұл-қыздар. Кейбірі көрші, туысты жағаласа, енді бірінің барар жері жоқ. Арбаға таңылған мүгедек бала да әбден тоңып қалған.

Маржан Танысбай, Алматы қаласының тұрғыны:

- Көмек ештеңе жоқ. Сол жүрміз далада. Үй сасық.

Сондықтан қыста үйінен айырылып, тентіреп қалған жұрт әкімдіктен көмек сұрап отыр. Бірақ ондағылар тұрғындарға мектептің спорт залын ғана уақытша паналауға бере аламыз дейді.

Константин Воропаев, Түрксіб ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

-Өрттің шығу себептері анықталмайынша, ешқандай шара қолдана алмаймыз. Негізі  кімнің үйінен өрт шықты, шығынды сол өтеуі тиіс. Бірақ біз тұрғындарға ақшалай көмек беру жағын қарастырып жатырмыз. Дегенмен, бұл әзірге нақты емес.

Тұрғындар да ақшалай көмек боларына күмәнмен қарап отыр. Ал өрттің шығуына кінәлі болуы мүмкін деген азаматтың өзі ұшты-күйлі жоқ. Оның үстіне одан өндірер ештеңе жоқ дейді көршілері. Сол үшін оларға таныс-тамырды паналай тұруына тура келетін сияқты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде