{metadescription}
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендерге қатысты сот басталды
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендерге қатысты сот басталды

Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендерге қатысты сот басталды

Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орыбасары Рабиға Бейсебаеваны атып кеткендерге қатысты сот басталды. Айыпталушылар орындығында 4 адам. Қылмыстық  іс әуелі «адам өлтіруге оқталды» деген баппен қозғалған.

Кейін ол қайта өзгеріп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қару-жарақты заңсыз иемдену немесе алып жүру бабы бойынша қайта жалғасты. Тергеу мәліметтеріне көз салсақ, күдіктілер Рабиға Бейсебаеваға тапа тал түсте бас салған. Қаскөйлер бірінші шенеунік әйел мен оның жүргізушісін ұрып-соғып, кейін олар әл бермеген соң оқ атқан. Ақырында әкім орынбасары басынан жарақат алып, ауруханаға түскен еді. Күдіктілердің адвокаттарының айтуынша, Рабиға Бейсебаева ұсталғандардың бірінің шешесіне қомақты ақша бережақ болыпты.

Алмас Сағындықов, мемлекеттік айыптаушы:

- Бейсебаева Рабиға есімді азаматшаға қатысты бас араздығы барын, сол себепті оған қатысты тек кек алу мақсатында күш қолданып, қастандық жасауды тапсырған. Сонымен қатар осы тапсырманы орындаған қызметі үшін 1 300 000 теңгені қолма-қол беретінін айтқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде