{metadescription}
«Қазақ Республикасы»: Елдің атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа Үкімет бір айда жауап бермек
«Қазақ Республикасы»: Елдің атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа Үкімет бір айда жауап бермек

«Қазақ Республикасы»: Елдің атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа Үкімет бір айда жауап бермек

Мемлекеттің атауын өзгертуді ұсынды. Бүгін депутат Азат Перуашев Үкіметке Қазақстан Республикасын «Қазақ Республикасы» деп өзгерту жөнінде үкіметке сауал жолдады. Ал тарихшылар бұл ұсыныс қабылданса, тарихи әділдік орнайды деп отыр.

Депутат Азат Перуашевтың мұндай ұсыныс жасауы тегін емес. Келер жылы Қазақ Автономиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл толады. Сондықтан Перуашев ел атауын «Қазақ Республикасына» ауыстыру тарихи әділдіктің орнауы дейді. Өйткені қылышынан қан тамған Кеңес Одағы да осы атауды мойындаған.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Мемлекетімізге халқымыздың төл атауын қайтаруымыз керек. Бұл деген «қазақ». Біз «Қазақстан» атауымен бірге, «Қазақ Республикасы» деген  атауды қайтаруымыз керек деп білемін.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, 1920 жылы құрылған Қазақ Республикасы сол кездегі ұлтжанды азаматтардың қажырлы еңбегінің жемісі. Әуелде «Қырғыз» деп аталдық. Кейін 1925 жылы астана Орынбордан Қызылордаға ауысып, сол жылы Қазақ советтері съезінде республика атауы «Қазақ» деп өзгертіліп, Одақ ыдырағанға дейін сақталып келді. Сондықтан ғалым депутаттардың бүгінгі ұсынысы тарихи әділдік дейді.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы:

-1920 жылы өмірге келген Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы осы Совет Үкіметі мен Алашорда Үкіметі арасындағы келісімнің нәтижесі деп қарауымыз керек. Мұндай пікірді шетелдік қазақтар да қолдап отыр. Сондықтан, меніңше, тарихи атауының қайтарылуы бұл тарихи әділеттілік болып табылады.

Айыр қалпақты көршілеріміз өз елін Қырғыз республикасы деп баяғыда атап алған.

Депутат Перуашевтың мәлімдемесі әзірге ұсыныс қана. Себебі, тұтас бір мемлекеттің атауын ауыстыру үшін заң бойынша қоғамдық талқылаулар өтуі тиіс. Ал Үкімет қандай шешім қабылдайды? Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бұл сұраққа бір ай ішінде жауап беруі керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.