{metadescription}
Әлемге танымал бүркітші қыз Елбасына алғыс айтты
Әлемге танымал бүркітші қыз Елбасына алғыс айтты

Әлемге танымал бүркітші қыз Елбасына алғыс айтты

Әлемге танымал бүркітші қыз Астанаға қалай үйренісіп жатқанын айтты. Моңғолиядан атажұртына қоныс аударған Айшолпан Нұрғайыпқызы кеше «Жастар» жылының ашылуында президент алдында сөз сөйлеген болатын. Бүгін Айшолпан сол жиыннан алған әсерімен бөлісті.

Айшолпан Нұрғайыпқызы:

-Елбасының алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Бірақ аздап қобалжыдым. Бірақ қуаныштан жүрегім жарылардай болды. Осындай Астанада яғни атамекенімде білім алып жатқаныма қуанамын. Және де осындай әдемі Астана салған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысымыз шексіз.

17 жастағы қазақ қызы мұндағы қыс Моңғолиядан жылы, сондықтан климатқа тез үйрендім дейді. Қазір «Білім инновация» қоғамдық қорына қарасты халықаралық мектептердің бірінде тегін біліп алып жүр. Айшолпанның бүкіл шығындарын осы қор мойнына алған. Құсбегілікпен айналысатын қаршадай қыз жайлы атақты америкалық режиссер деректі фильм түсіріп, ол «Оскар» сыйлығына ұсынылған туындылардың қатарына енген еді. Сондай-ақ білім инновация лицейлері Алматыда өткен Жәутіков халықаралық олимпиадасында 34 медаль жеңіп алған. Оның 4-уі алтын, 11-і күміс, 19-ы қола. Ал бір ай бұрын өткен облыстық олимпиада да тағы топ жарып рекорд орнатыпты.

Дарханбек Қожабеков, «Білім орда» халықаралық қоғамдық қорының президенті:

-Жалпы 916 жүлде алдық. Білім инновация лицейі сөйтіп тағы үлкен жетістікке жетті. Бұл негізі 27 жылдық тарихымызда рекорд, үлкен рекорд. Біз бұны мақтан тұтамыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.