{metadescription}
Жамбыл облысында күйеуінің қолынан қаза тапты делінген келіншектің ісі жабылып тынды  
Жамбыл облысында күйеуінің қолынан қаза тапты делінген келіншектің ісі жабылып тынды  

Жамбыл облысында күйеуінің қолынан қаза тапты делінген келіншектің ісі жабылып тынды  

Жамбыл облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының ісі ақыры жабылды. Өйткені сарапшылар ол өз-өзіне қол салған деген қорытынды шығарған. Алайда ішіне пышақ кіріп мерт болған марқұмның туыстары бұған сенбей, ол кісі қолынан қаза тапқан деп отыр. Сондықтан мәйітке эксгумация жасап, кінәлілерді анықтау үшін қайта тәуелсіз сот сараптамасын жүргізуді талап етуде.

Гүлнұр Тұрдалының жұмбақ өлімінің құпиясы әлі күнге ашылмады. Екі айға жуық уақыт жүргізілген тергеу ісі де еш нәтиже берген жоқ. Ал сарапшылар ол өз-өзіне қол жұмсаған деген ұйғарымға келген. Сондықтан тергеушілер бұл даулы істі жауып тастады.

Сүлеймен Ысақов, Гүлнұр Тұрдалының ағасы:

-Бізді ешкім қолдап жатқан жоқ. Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, ол жап-жас қыз. Бұның қайын сіңлісі, енесі күйеуі бар осы үшеуінен көріп отырмыз деп айтқанбыз.

Жамбыл ауданындағы қанды оқиға 4 ай бұрын болған. Күйеуге шыққанына небәрі 9 ай толған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп, дәлізде сұлап жатқан жерінен енесі көрдім деген. Гүлнұр ауруханаға жетіп көз жұмады. Марқұмның ата-анасы бұған күйеу бала мен оның жақындарын айыптаған-ды. 

-Айт шындығыңды, жауап бер. Адам құсап мен сендерге сеніп жібердім. 

Бірақ қолдарында «отбасыда жиі-жиі жанжал болатын» дегеннен басқа еш дәлел жоқ. Қайғыдан қан жұтқандар Гүлнұрдың суицид жасағанына сенбейді. Сараптама қортындысынан да біраз қателіктер анықталыпты.   

Елена Ушакова, адвокат:

-Сараптама қорытындысының 9 пункті бойынша қателіктер бар. Гистологиялық тексеру жүргізбеген, оқиға орнында түсініктеме алмаған. Тіпті Тұрдалының киімін тексеру де назарға алынбаған. Оған зорлық-зомбылық көрсетілді ме, ол жағы да анық емес. Енді біз мәйітке эксгумация жасатып, комиссиялық сот- сараптамасын жүргізуге мәжбүрміз.

Істің қысқарып кетуіне наразылық білдірген жәбірленуші тарап тергеушілердің үстінен аудандық прокуратураға шағым түсірген. Сөйтіп, іс қайта қозғалғанымен, онда да бастапқы болжам дұрыс деп танылыпты.  

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

-21-ші желтоқсанда Жамбыл ауданы прокуратурасының шешімі бойынша іс қайта қозғалып, қосымша тергеу шаралары жүргізілді, олар тек бастапқы нұсқаны растады. Сондықтан 28 желтоқсанда ҚР Қылмыстық процессуальдық кодекстің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес өндірістен қысқартылды.

Алайда әділдік іздегендер қосымша тағы тексеру жүргізілуін талап етіп, прокуратураға арыз түсірді. Және мәйітке эксгумация жасауға өтінішін берген. Енді соңғы сөзді құзырлы орын айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде