{metadescription}
Алматы облысында студент қыз жатақханадағы жіпке асылып өлген
Алматы облысында студент қыз жатақханадағы жіпке асылып өлген

Алматы облысында студент қыз жатақханадағы жіпке асылып өлген

Алматы облысында өз-өзіне қол салған студент қызды әлдекім суицид жасауға итермелеген болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты полицейлер осындай бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Есік қаласындағы Гуманитарлық экономикалық колледждің 3-ші курс студенті кеше таңға жуық жатақханада жіпке асылып өлген еді.

Өз-өзіне қол салған 20 жастағы Гүлден Түркебаева осы. Есік қаласындағы Гуманитарлық экономикалық колледждің 3 курс студенті оқуда озат, курстастары арасында сыйлы болыпты. Болашағынан зор үміт күттірген қыздың не үшін суицид жасағанын ұстаздары түсінбей отыр. 

Гүлнәр Байтөкенова, Гуманитарлық экономикалық колледждің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары:

-Қасындағы қыздар кешке жақын бәріміз тамақ ішіп, сабағымызды оқыдық деп отыр. Біраз сөйлескен әңгіме айтқан. Өзіне қол салуға негіз болмаған дейді.  

Марқұм қыз биыл оқуды бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі атануы керек еді. Соңғы бірнеше ай бойы Есіктегі мектептердің бірінде тәжірибеден өтіп жүріпті. Үйі көрші ауданда болған соң, колледждің жатақханасында құрбыларымен бірге бір бөлмеде тұрған.

Мәліметтерге қарағанда студент қыз таңға жуық барлығы ұйықтап жатқанда өз-өзіне қол салған. Ол үшін киім ілетін жіпті алып, мына төртінші қабаттың балконында асылып қалған. Марқұмның денесін алғаш болып тәрбиешілер байқапты. 

Оны өз-өзіне қол салуға біреулер итермелеуі мүмкін деген болжам бар. Қылмыстық іс қозғаған полицейлер осы жайтты да қарастырып жатыр. 

Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

-Қазіргі кезде қасында тұрған қыздардан жауап алынып жатыр. ҚРҚК-нің 105-ші бабы бойынша тергеу әркеттері жүрігізілуде. Енді тергеу аяқталған белгілі болады.

Бірнеше жыл бұрын әкесінен айырылған марқұм бойжеткеннің науқас анасы бар. Қазір ауыр хәлде ауруханада жатқан ол қызының қазасы жайлы білмейді екен. Ал, Гүлден өзінің әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында анасынан кешірім сұрапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде