{metadescription}
Алматыда жоғалған қыздың денесі табылды
Алматыда жоғалған қыздың денесі табылды

Алматыда жоғалған қыздың денесі табылды

Алматыда жоғалған қыздың денесі табылды. 19 жасар Валерия Погребнякты туыстары тоғыз күннен бері табанынан таусылып іздеген болатын.

Бойжеткенді өлтірді деген күдікпен сөз байласып жүрген жігіті ұсталды. Ол мәйітті Алматы облысындағы Мерей ауылының кіреберіс жеріне көміп кетіпті. Сорақысы сол, жігіт содан бері түк болмағандай сүйіктісін полициямен қосылып іздеген. Алайда, артынша өзі де күдікке ілікті. Полициядағылардың айтуынша, ол қылмысын мойындап, қызды көмген жерін көрсетіп берген. Осылайша, жоғалған Валерияның денесі тоғыз күннен кейін туыстарына берілді. Әзірге белгілісі, қылмысқа ғашықтар арасындағы қызғаныш себеп болған.        

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:

- Бұл азамат негізі қылмыстың іздерін және қылмыстың болғанын жасыру мақсатында Валерияның ата-анасына да жалған ақпарат берген. Қаланың кіреберіс жерінде ойын-сауық отауының ішінде болғанбыз деп түсінік берді. Бірақ біздің із кесу жұмыстарымыздың нәтижесінде, ойын-сауық отауына кірмегені де мәлім болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.