{metadescription}
Баян Мақсатқызы шықпай жатып дауға қалған фильмі туралы айтып берді
Баян Мақсатқызы шықпай жатып дауға қалған фильмі туралы айтып берді

Баян Мақсатқызы шықпай жатып дауға қалған фильмі туралы айтып берді

Баян Мақсатқызы шықпай жатып, дауға қалған «Тағдыр бекеті» фильмі туралы айтып берді. Туынды әйгілі «Махаббат бекеті» фильімінің жалғасы болуы тиіс болған. Алайда, авторы Талғат Теменов оған үзілді-кесілді қарсы болды. Тіпті, соттасуға дейін барған соң сценарийді түбегейлі өзгертуге тура келіпті. Киноның қызығушылық тудыратын тағы да бір тұсы бар. Продюсер туындыда өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың образын қолданған.

Фильм пойызда кездейсоқ кездесіп, бір-біріне құлай ғашық болған қыз бен жігіт жайлы. Махаббат сезіміне толы мелодраммада атышулы продюсердің өзі де ойнайды. Актрисаның кинодағы күйеуі әйелін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Продюсер жағымсыз кейіпкердің рөлін түрлендіре түсу үшін өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың образын қолданғанын айтады. 

Баян Алагөзова, продюсер:

- Сен менікі болдың, менікі болып қаласың! Осылай дедім.

Ал фильм экранға шықпай жатып, дауға қалды. Оқиғасы пойыз вагонынан бастау алатын кино әйгілі «Махаббат бекеті» фильімінің жалғасы болуы тиіс болған. Десе де, режиссер Талғат Теменов бастапқыда Баянға батасын беріп, бірақ артынша айнып қалыпты. Салдарынан киноның атын да, сценарийін де өзгертуге тура келген. Тіпті, кейіпкерлердің есімдері де өзгертілді. Тек басты кейіпкер қыз Гүлнәздың ғана аты сақталған.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Әрине «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіргім келді. Бірақ, Талғат Досымғалиұлы басында рұқсатын бергенмен, кейін қарсы болды. Содан сценарийді түбегейлі өзгертуге тура келді. Тек басты кейіпкердің атын алып қалдым. Өйткені, «Гүлнәз» деген есім көп, оған ол дауласа алмайды.

Дегенмен, кинода «Махаббат бекетінде» ойнаған сүйікті актерлерді кездестіруге болады. Баян олар өздері қалап келді деп отыр. Одан бөлек, продюсер басты рөлдегі қызды табанынан таусылғанша іздепті. Кастингке көптеген актриса келген. Бірақ, продюсер қас, кірпік, тіпті ернініне дейін жасатқан қыздарға қарағысы да келмепті. Ақыры әрең дегенде бет-әлпеті шынайы актрисаны тапқан. Ал фильм Қаскелең мен Сарыөзекте бір жылға жуық уақыт түсірілген. Баян Мақсатқызы түскен махаббат оқиғасының немен аяқталатынын білгіңіз келсе, кинотеатрға барыңыз.

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде