{metadescription}
Түркістан облысына жиналған саятшылар Салбурын мерекесін тойлауда
Түркістан облысына жиналған саятшылар Салбурын мерекесін тойлауда

Түркістан облысына жиналған саятшылар Салбурын мерекесін тойлауда

Түркістан облысында саятшылар бас қосты. Олар қазақтың Салбурын мерекесін тойлауға жиналған. Бұрын қыс кезінде бұл мейрамға аңшылар мен құсбегілер жиналып, бірнеше күн бойы аң аулайтын болыпты.

Ақсу-Жабағалы қорығына бұл жолы саятшылар 15 бүркіт пен 16 тазы алып келген. Жұрт ит жүгіртіп, құс салу қызығын тамашалады. Құсбегілер бүркіттерінің бабын көрсетіп, байқауға түссе, аңшылар құмай тазыларымен қоян аулаудан бақтарын сынады. Жарыстан бөлек мұражай қызметкерлері мұнда арнайы көрме ұйымдастырған. Келушілерге салбурын мерекесінің бұрын қалай тойланғанын айтып, саятшылыққа қатысты жәдігерлерді көрсетті. Салбурынды тек қыста ғана тойлайды. Себебі қансонарда аңға шығу, одан олжалы оралу саятшылыққа жаны құмар жан үшін ерекше. Түлкібастағы мейрам кезінде құс салудан Созақтан келген бүркітші Бағдат Киенов бірінші орын алса, арыстық Нұрлыхан Абзаловтың құмайын төрешілер мықты деп таныды. Жас саятшылар да бұл мейрамнан үлкен сабақ алғандарын айтады.

Лесбай Сейілхан, аңшы:

Ұядан алғаныма төрт жыл болды. 4 жылдан бері айналысып келемін. Бірінші ағамның құсы болды. Ағам құс алғасын мұны маған берді. Мен баптап жүрмін қазір.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.