{metadescription}
Павлодарда қарияларды пышақтап өлтірді деп айыпталған жігіт ақталып шықты
Павлодарда қарияларды пышақтап өлтірді деп айыпталған жігіт ақталып шықты

Павлодарда қарияларды пышақтап өлтірді деп айыпталған жігіт ақталып шықты

Павлодарда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірді деген күдікпен қамауға алынған жігіт сотта ақталып шықты. Былтыр наурызда ұсталған 28 жастағы Дархан Дүйсенаев мұны естігенінде жылап та жіберді.

Прокурорлар қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша айыпталған Дүйсенаевты 21 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот қажетті дәлелдердің аздығына байланысты оны ақтады. Сондай-ақ, 10 миллион моральдық шығын сұраған марқұмдардың ұл-қызына өтемақы төлейтпейтін болды. Естеріңіз сала кетейік, 76-78 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлердің пышақталған денесі былтыр ақпанда Майкайың кентінде табылған болатын. Қан-жоса боп жатқан үй иелерін сонда келген үй қызметшісі анықтаған. Көп ұзамай осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен полицейлер Дүйсенаевты қамауға алған еді. Бұған оның марқұмдарға тиесілі банк карточкаларын тауып, банкомат арқылы тексергені себеп болған. Сол кезде Дархан Дүйсенаев жазықсыз қамауға алынды деген Майқайың елді мекені тұрғындары көшеге оның суретімен шығып, тіпті «Дархан жазықсыз!» атты петицияға 600 адам қол қойған болатын. Бір жылға жуық тергеу абықтысында отырған Дарханның өзі теміржол саласында қызмет етіп жүргенін айта кетейік. Оның кінәсіз деп танылуына енді жәбірленуші тарап қарсылық білдіріп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.