{metadescription}
Алматыда құдайы қосқан көршілер қырқысып жүр
Алматыда құдайы қосқан көршілер қырқысып жүр

Алматыда құдайы қосқан көршілер қырқысып жүр

Көресіні көршімізден көріп отырмыз. Алматыда бір топ тұрғын құдай қосқан көршісінің үстінен шағым түсіріп, араша сұрады. Олардың айтуынша, өткен-кеткенге маза бермейтін көршілері ерсі қылығымен елді шошытып, тіпті лифтіге дәрет сындырып кетеді екен. Ал, шарасы таусылған тұрғындар полицияға талай рет шағым түсірген. Бірақ, қыңыр көршілер ешкімді есігінен сығалатпайды дейді ашулы тұрғындар. 

Көп қабатты үйдің тұрғындары құдай қосқан көршімізді көрсек  қал сұрасып қауқылдаспақ түгілі тұра қашамыз дейді. Айтуларынша, екінші қабатта тұратын әйел мен ер адам ерсі қылығымен жұртты шошытып, тыным бермейді екен. 

Бақыт Дәненқызы, тұрғын:

- Жалаңаш жүреді. Білгендерін істейді. Көтерілетін жеделсатыда үлкен дәрет, кіші дәретке отырып кетеді. Мына жерге көлік қоюға болмайды. Жеген сүйектерін лақтырады. Қасында бір азамат жүрдеі жастау. Оның жолдасы, не баласы екенін білмейміз. Ол да солай істейді.

Тілеуғаным Тоқанқызы, тұрғын:

- Бір рет маған да картоп лақтырды. Әй, бұл кім десем, тығылды да қалды. Балалар қатты қорқады осы жерлерден жүруге. Бірдеме істеу керек енді. 

10 жыл бойы көрмеген құқайымыз қалмады дегендер көршіміздің аулада жүрген жүрісі де біртүрлі дейді. Тіпті, ол тысқа шаққанда балаларымыз терезеден сығалауға қорқады дейді үрейленген жұрт. Көршілерінен зәрезап болған тұрғындар сан мәрте құзырлы орындарға арыз түсіріпті. Алайда, елді дүрліктірген екеу полицейлерді де табалдырықтан аттатпайтын көрінеді. Ал, пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері олардың коммунальдық қызмет ақысын уақыты төлейтінін айтады. Бірақ, елді үрейге бөлеген оғаш қылықтың себебін басқаша түсіндірді.   

Шәкен Шалданбаев, ПИК қызметкері:

- Сондай психикалық ауытқумен тұратындар ғой. Өйткені, сөйлеген сөздері, істерінен көрініп тұр ғой. Оған не дейміз енді. Кешіріммен қарау керек.

Ал, учаскелік полицейлер өзгелермен кездесуге құлықсыз көршінің туған-тауыстарын іздеуге кіріскен. Сол арқылы істің ақ-қарасын анықтамақ. Ал, тағы да арызын арқалаған тұрғындар көршінің қысастығы жалғаса берсе қоныс аударғаннан басқа амал жоқтығын айтады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде