{metadescription}
Сенатор: Көпбалалы отбасыларға кәсіпкерлер үй алып беруі керек
Сенатор: Көпбалалы отбасыларға кәсіпкерлер үй алып беруі керек

Сенатор: Көпбалалы отбасыларға кәсіпкерлер үй алып беруі керек

Көп балалы отбасыларға бизнесмендер қолдау көрсетуі тиіс. Бүгін сенаторлар кәсіпкерлерді үйсіз-күйсіз жүрген жанұяларға көмектесуге шақырды. Тіпті, қалтасы қалың азаматтар батыр аналарға баспана берсін деп отыр.

Бірғаным Әйтімова, Сенат депутаты:

-Әсіресе, мол пайда тауып отырған құрылыс компаниялары қол ұшын созуы тиіс. Яғни, олар өздері салып жатқан тұрғын үйден көп балалы аналарға пәтер берсін. Еліміздің әр аймағында осы шаруаны қолға алуымыз керек.

Десе де, бас пайдасын ойлаған бизнесмендер  депутаттардың ұсынысын қолдай қоюы екіталай. Оның үстіне Үкімет те көп балалы отбасыларға үй салып беру үшін қажетті ақшаны әлі таба алмай отыр. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай жанұяларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй салу қарастырылып жатқаны белгілі. Яғни, қазір мұндай отбасыларға жылына 700 пәтер салынса, енді оның көлемін үш есеге дейін ұлғайту жоспарланған. Десе де, бұл шаруаға қатысты нақты шешім екі аптадан соң қабылданатын болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде