{metadescription}
Астананың шетіндегі ескі үйлер мен сарайлардың жай-күйі тексерілмек
Астананың шетіндегі ескі үйлер мен сарайлардың жай-күйі тексерілмек

Астананың шетіндегі ескі үйлер мен сарайлардың жай-күйі тексерілмек

Ал көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешуге жалғыз Елорда әкімдігінің шамасы жетпейді. Шенеуніктер мұндай жанұялардың  жағдайын кешенді түрде қарастыру керек дейді.

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

-Бұл проблема бұрыннан бар. Сондықтан осы жұмысты  тағы да жалғастырып жатырмыз. Және де құрылған жұмыс тобы тиісті ұсыныстар дайындалатын болады. Олар бұл проблеманы, әрине, тек үй жағынан қарауға болмайды. Жан-жақты қаралатын болады.

Яғни Астанада «үй берілсін және жәрдемақы мөлшері көтерілсін» деп жиналған көп балалы әйелдердің  талабын бір әкімдік орындай алмайды. Оларға баспанадан бөлек, жұмыс тауып беру, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелерді  бірнеше министрлік бірлесіп  шешуі тиіс. Сондай-ақ, Сұлтанов қаланың шетінде  орналасқан ескі үйлер мен сарай, лашықтарды да  тексеріп жатырмыз дейді. «Нұрлы жер»  аясында апаттық жағдайда тұрған баспаналарды жаңартпақ.  Үкімет дәл осы бағдарлама арқылы көпбалалы отбасыларға  арнап тұрғын үй кешендерін салу жайын қарастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде