{metadescription}
Астанада бір топ студентке шәкіртақы берілді
Астанада бір топ студентке шәкіртақы берілді

Астанада бір топ студентке шәкіртақы берілді

Астанада білімқұмар жастардың еңбекқорлығы мен ізденімпаздығы елеусіз қалмады. Бүгін  Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің бір топ студентіне шәкіртақы бұйырды.

Рамазан Есмағамбетов, студент:

-Қуаныштымын және алғысым шексіз. Өйткені, бұл стипендия жеке маған алға ұмтылуға және алғашқы қадамдарымды жасауға үлкен септік.

Атақты ақын-жазушылардың атындағы стипендияны әлеуметтік жағдайы төмен, бірақ үлгерімі жақсы 10 студент алды. Шәкіртақы оларға жыл соңына дейін ай сайын беріліп тұрмақ. Осымен бірнеше жыл қатарынан өтіп жатқан шара биыл «жастар жылына» орай ұйымдастырылған. Стипендияны тағайындаған белгілі меценат, кейін университет ұжымын да арнайы төсбелгімен марапаттады.

Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы еуразиялық университетінің  проректоры: 

-Оралбек Қожамжарұлының стипендиясы жастарды ынталандырып қана қоймай, олардың ізденісіне, жақсы білім алуына және стипендия атындағы тұлғалардың өмірін зерттеуге құлшындырады деп ойлаймыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде