{metadescription}
Семейде полицейлер қаңғыбастарды іздеп, қала кезіп жүр
Семейде полицейлер қаңғыбастарды іздеп, қала кезіп жүр

Семейде полицейлер қаңғыбастарды іздеп, қала кезіп жүр

Себебі, қақаған аязда өлмесе де, аяқ-қолдарын үсітіп алатындар көп екен. Сондықтан оларды жинап, бейімдеу орталығына жеткізбекші. Бірақ, жылу құбырын жағалап, арақ ішіп жүргендер жайлы жерге барғысы жоқ.

Осылайша, 40 градус аязда қаңғыбастар жылу құбырын айналшықтап шықпайды. Өйткені, кезбелердің айтуынша, шаһардағы ашық жатқан жылу құдықтарын түгелдей бітеп тастаған екен. Сондықтан олар баратын жер таппай  даладағы құбырды құшақтап жан бағуда.

-Екі күні боран соқты. Жаттым мына жерде.

Әйтсе де, полиция қызметкерлері қаңғыбастардың қамқорлықты бағаламайтынын айтады. Себебі, бұған дейін 112 үйсізді тіркеуге алып, жеке бас құжатын әзірлеуге де көмектескен екен. Тіпті, оларды бейімдеу орталығына да орналастырыпты. Алайда, жуынып- шайнып, ес-жиған соң жылы жерден тайып тұрады дейді полицейлер. Сондықтан,қолға түскендерін 30 тәуілікке қамай тұрмақ ниетте.

Жандос Әміржанов, Семей қалалық ПБ қабылдау-тарату орнының инспекторы:

-Олардың барлығынан саусақ іздері алынып криминалдық есепке қойылады. Бізде отырып шыққанан кейін, Семей қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына анықтама арқылы жіберіледі.

Бүгінде, қу араққа құл болып кеткендердің көбінің туған-туысы, тіпті кейбіреуінің бала-шағасы бар. Әйтсе де, олар туыстарынан безіп, қаңғыбастық өмірге еттері үйреніп алған. Яғни, қанша жерден жағдайын жасап, қамап ұстаса да даланы аңсап тұрады дейді. Сондықтан полиция бүгін алып кеткен жеріне, кезбелер ертең оралатындары анық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде