{metadescription}
Тоқаев жанармай құнын қатаң қадағалауды ескертті
Тоқаев жанармай құнын қатаң қадағалауды ескертті

Тоқаев жанармай құнын қатаң қадағалауды ескертті

Ортақ нарық еліміздегі бензин бағасына әсер етпеуі тиіс. Сенат төрағасы Үкіметке жанармай құнын қатаң қадағалауды ескертті. Өйткені, 2025 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше  мемлекеттер сауда-саттық алаңын біріктірмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:

-Жанармайдың ішкі нарықтағы бағасының өсуіне мүлдем жол бермеуіміз керек. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ортақ нарыққа көшкенде аса сақ болу қажет. Және Үкімет бизнеске көңіл аударсын. Мәселен, Қазақстаға  электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік туып отыр.

6 жылдан соң Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен  Қырғызстан газ, мұнай мен мұнай өнімдері бойынша ортақ нарыққа көшкелі отыр. Тоқаевтың бензин бағасына алаңдауы дәл осы жоспарға байланысты. Себебі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бірі - Ресейде жанармай Қазақстандағы  қарағанда қымбат. Мәселен, бізде АИ-92 155 теңге тұрса, көршілерімізде 240 теңгеден асады. Яғни, ортақ нарық орнаса баға да теңестірілуі мүмкін деген қауіп бар. Сенат төрағасы  Үкіметке  қазірден осыны  ескертіп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде