{metadescription}
Елімізде жалға берілетін пәтерлердің құны тағы қымбаттады
Елімізде жалға берілетін пәтерлердің құны тағы қымбаттады

Елімізде жалға берілетін пәтерлердің құны тағы қымбаттады

Бір жылдың іщінде бұл көрсеткіш 7,3 пайызға дейін өскен. Мұндай ақпаратты Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті таратты.

Қазір Қазақстанда жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы шаршы метріне 1 421 теңгеден басталады. Бұл - ең төменгі сома. 2018 жылы аталған өсім 7,3 пайызға жеткен. Жылжымайтын мүлікпен айналысатын мамандардың айтуынша, жалдамалы пәтер нарығында 1 бөлмелі баспана ең көп сұранысқа ие. Бағаның шарықтауы Астана мен Алматы қалаларында қатты байқалып отыр. Құрылыс нарығында жаңадан тұрғызылған баспаналардың да бағасы қалысар емес. Су жаңа пәтердің бір шаршы метрі  277 368 теңгені құрап, 3,2 пайызға қымбаттаған. Ал, қолданыста болған үйлердің орташа құны - шаршы метрі үшін 189 127 теңгеден басталады.

Нұрлан Әлібаев, риэлторлық топтың жетекшісі:

-Бағаның өсуіне 2 фактор әсер етеді. Жалға берілетін пәтерге сұраныс артқан сайын құны өсе береді. Себебі, қалаға жан-жақтан халық көшіп келеді. Бұл жағынан Алматы көш басында. Екіншісі, үй тұрғызатын құрылыс компанияларының шешімі. Оған «7-20-25», «Баспана хит» секілді бағдарламалардың да әсері бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде