{metadescription}
Алматыда бір топ адам өздерінің массажист екендерін дәлелдей алмай жүр
Алматыда бір топ адам өздерінің массажист екендерін дәлелдей алмай жүр

Алматыда бір топ адам өздерінің массажист екендерін дәлелдей алмай жүр

Себебі оларға уқалап-сипалаудың қыр-сырын үйреткен орталық жарамсыз сертификат берген. Жүз мың теңгеміз желге ұшты деп ашынғандар енді «Қажетмед» орталығынан ақшаны қайтаруды талап етіп отыр. Алайда ұстаздары «басымды кесіп алса да, бір тиын татырмаймын» дейді. 

-Құрметті Отандастар! Менің аты-жөнім Мұнира Әтіретхан. «Қажетмед» орталығының негізін қалаушымын.

Жарнамасы жер жарып тұрған Алматыдағы Қажетмед орталығына еліміздің түкпір түкпірінен ағылатындар көп. Бәрінің мақсаты массажды үйреніп табыс табу. Алайда жылтырағанның бәрі алтын емес екенін осы орталықта оқығандар кеш түсінген. Жүз мың теңгеге уқалап-сипалауды жиырма күн бойы үйренгендер, енді өздерінің массаждың қас шебері екенін ешкімге дәлелдей алар емес.

Наргиза Қаналхан:

-Сосын жиырма күннен кейін тағы 5 күн қосымша оқыдық. Сол жерде бізге сертификат берді. Кейіннен жұмысқа тұрайық деп емханаға барсақ лицензияның нөмірі  жоқ екен. Тек ИП-ның мөрі  ұрылған. 

Бір жапырақ қағаздың түкке жарамай қалғанын білгенде қыз-жігіттер орталыққа қайта келеді. Ұстаздары бұл жолы да көп қиналмастан қызыл бояумен нөмір жазып, сертификатты А4 парақшасына тағы да шығарып бере салыпты. Бірақ ол үшін қосымша бес жүз теңгеден жинап алған.

-Ол бір емес бізді екі рет алдады. Үшінші рет тағы шығарып берем деді. Екінші рет А 4 қағазына жасап берген. Сертификат дұрыс болмаса ақшамызды қайтарып берсін.

Бірақ бұндай талап Мұнира есімді ұстазды қанағаттандырып отырған жоқ. Ол шулаған шәкірттерін кеңсесіне кіргізіп алып, тәрбилік сағатын өткізбек болды. Өзінің екі рет жалған құжат бергенін, және бір жылға жуық лицензиясыз жұмыс істегін де мойындады.

Мұнира Әтіретқан, «Qazhetmed»:

-Қағазы дұрыс емес екенін  мойындаймын. Мен қателігімді мойындайтын адаммын. Ең үлкен ерлік қателігін мойындай білу. Ақшаны басымды кесіп алсаң да қайтармаймын. Өйткені ол 24 жылдан бері мынаны сығып отырып үйренген өнерім. Бермеймін мен ақшаны.

Өліп қалсам да қаржыны қайтармаймын деп байбалам салған Мұнира ханым шәкірттерін қуып шықты. Пір тұтқан ұстаздарынан ұрыс естіп, тиісті сертификатын ала алмайтынын түсінгендер енді сотқа арыз түсірмек. Олар массаж жасауды үйренем дегендер біздің қателікті қайталамаса екен дейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде