{metadescription}
Танымал хирург неліктен өзіне қол салды?
Танымал хирург неліктен өзіне қол салды?

Танымал хирург неліктен өзіне қол салды?

Шымкентте өзіне қол салып қайтыс болған хирургтің ісін полиция тексеріп жатыр. Ұзақ жылдар қалалық жедел-жәрдем ауруханасын басқарып келген Мәди Бигалиевтің денесі өз үйінде түс ауа табылған болатын.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент пен жалпы күнгейдегі трансплантологияның негізін қалаушы болған Мәди Қожаұлының өз-өзіне неліктен қол салғаны беймәлім. 37 жылдық дәрігерлік өмірінде 10 мыңнан астам күрделі ота жасап, бауыр мен бүйрек ауыстырудың хас шебері соңғы уақытта денсаулығына байланысты демалыста болған екен. Қазір, оның өліміне қатысты полиция іс қозғады.  

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Шымкент қаласындағы 60-65 жастағы тұрғынның мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚК-нің 105 бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде