{metadescription}
Тараздағы наркодиспансерге өз аяғымен келген жігіттің ол жерден өлігі шықты
Тараздағы наркодиспансерге өз аяғымен келген жігіттің ол жерден өлігі шықты

Тараздағы наркодиспансерге өз аяғымен келген жігіттің ол жерден өлігі шықты

Мекеме басшылығы қалалық соттың бас маманы асылып өлген деп отыр. Алайда марқұмның туыстары бұған сенбейді. Олардың атуынша, жігітті қызметкерлер жазым қылған көрінеді. Марқұмның жақындарының бұлай күдіктенуіне қайғылы жағдай түсірілген таспаның жоғалып кетуі себеп.

-Сіздерден өтінемін, көмек берңіздерші, бұл жердің бәріне жаздық, ақшаға сатылады олар.

Етегі жасқа толған ана қапыда бауыр еті баласынан айырылды. Оның айтуынша, көңілді кештен шыққан ұлын, полицейлер психиатриялық орталыққа жеткізген. Мына кадрда Мадияр Кенжеғұловты тырдай шешіндіріп, бастан-аяқ тексеріп жатыр. Азаматтың ішімдік ішкенін тек көзбен болжаған мамандар оны диспансерге жатқызыпты. Бірақ бөлмеге өз аяғымен кірген Мадиярдың бір сағаттан соң мәйіті шықты.  

Сәуле Әменқызы, М. Кенжеғұловтың анасы:

-Біздің ойымыз дозировкасын көп салып содан ұйықтап кетіп өлген сияқты.  Бізге өзі қол жұмсады дейді, өзі өлгенге ұқсамайды. Егер өзіне қол жұмсағаны дәлелденсе, бізге неге видеоны көрсетпейді? 

Күдіктенуге оқиғаның видеоға жазылмай қалуы себеп. Яғни бөлменің қақ шекесіндегі қырағы камераның сол сәтте көзі байлана қалыпты. Техниканың қалай істен шығуын ешкім түсіндіре алмай жатыр. Оның үстіне Мадиярдың қалың жамылғыға асылып қалуы ақылға қонымсыз дейді.  

-Камера істемей қалды дейді бір сағат бойы. Сонда бір сағат бойы камера істемегенін қалай көрмей отыр? Басқа палата жоқ мында. Мында күзетші, тағы екі медбике отырған. Олар біз көрген жоқпыз дейді. 

Сәуле Әменқызы, М. Кенжеғұловтың анасы:

-Асылып өлетіндей жағдай жоқ ол жерде. Баламды жерлеген кезде көрдік қой. Өздері укол салып өлтіріп алған.  Кейін матраспен бе, бірдемемен қылқындырған сияқты.

Әлгі бөлмеде Мадиярмен бірге тағы бірнеше жігіт болған. Марқұмның жақындары олардан мән-жайды біле алмай жатыр. Себебі, мұндағылар аты-жөндерін жасырады. Ал мекеме басшылығы марқұмның туыстарының сөзін жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Мадияр өзі асылып қалған. Бірақ сол оқиғаның қалай болғанын түсіндіре алмады. 

Гүлмира  Кәрімова, Жамбыл облыстық наркологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

-Қазір техниктар қарап жатыр. Камера неге өшті, кім өшірді соны анықтап жатыр. Одеялға асылып қалған. Тергеу жұмыстары біткесін сіздердің сұрақтарыңызға толық жауап береміз. 

Экс - полицей Мадияр Кенжеғұлов қалалық сотта бас маман қызметін атқарып жүрген-ді. Өлерінен үш күн бұрын әйелі босанып, сәбилі болған. Енді жұбайы екі баласымен жесір қалды. Ал полиция департаменті бұл жағдайға қатысты жақ ашпай отыр. Айта кетейік, осы шулы оқиғадан кейін диспансердің бес қызметкері өз еркімен жұмыстан кетіпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.